Ораза ұстаушыға сәресін ішу сүннет саналады.
Сахаба Амр ибн Астан жеткен хадисте Алла елшісі (с.ғ.с): «Кітап иелері мен біздің оразамыздың арасындағы айырмашылық – сәресін ішу», деген.
Басқа бір хадисте «Үш нәрсе пайғамбарлық әдетке жатады. Ол: ауыз ашуды кешіктірмеу, сәресіні кешіктіру және намазда оң қолды сол қолдың үстіне қою», деген
Ауыз ашуды тездету сүннет. Имам Әбу Ханифадан жеткен риуаятта «Егер күн бататын болса ауыз ашуды тездету пайғамбарымыздан жеткен хадис негізінде сүннет саналады.
Алла елшісі (с.ғ.с) ол жайлы ««Үш нәрсе пайғамбарлық әдетке жатады. Ол: ауыз ашуды кешіктірмеу, сәресіні кешіктіру және намазда оң қолды сол қолдың үстіне қою» деген».
Рамазанда Құранды толық хатым ету сүннет
Ораза ұстаушының мисуак қолдануында еш әбестік жоқ. Имам Әбу Юсуфтың көзқарасында егер мисуакты сулап тісін тазалайтын болса мәкруһ саналады. Алайда бұл көзқарас басты негізге алынбады.
Ораза ұстаушы адамға Имам Әбу Юсуфтың көзқарасымен күн қатты ыстық болғанда сумен салқындап алуына болады.
Имам Әбу Ханифа бұлай жасау мәкруһ деген. Алайда пәтуа имам Әбу Юсуфтың көзқарасымен берілген.
Әйел адамға ерінің рұқсатынсыз нәпіл ораза ұстауына болмайды. Себебі ері әйеліне жақындауды қалағанда ораза күйінде болса, ер өзінің ақысын ала алмаған болады.
Егер күйеуі науқас болатын болса әйелін нәпіл оразадан қайтаруы дұрыс болмайды. Себебі нәпіл оразадан әйелін қайтару хақысын талап ету болатын. Науқас кезде жақындауға мүмкіндігі болмағандықтан, себепсіз әйелін құлшылықтан тосуына болмайды.
Жолаушы адам сапардан келген соң күн батқанша ішіп-жеуі мәкруһ болады.
Көзге сүрме жағуда еш әбестік жоқ.
Ауыз ашуды кешіктіру мәкруһ.
материал «Оразаны бұзатын және бұзбайтын 70 амал» кітабынан алынды,
ummet.kz