03
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Рамазан кезінде тілді күнәдан қорғау мәселесі

Рамазан кезінде тілді күнәдан қорғау мәселесі

Ораза

Ораза тұтқан адам сақтауы керек ағзалардың ішіндегі ең маңыздысы – тілі.

Бұл жайында Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай дейді: “Кім маған екі жағының арасындағы мен екі аяғының арасындағын (әурет жерін) сақтауға кепілдік берсе, мен оған Жәннатқа кіруіне кепілдік беремін” (Бұхари, риқақ 23; Тирмизи, Зүһд 61).

Күнделікті уақытта сақтауға шақырылып, нәтижесінде Жәннат уәде етілген тіл, әрине, ораза кезінде одан да мұқият қорғалуы керек. Адам әсіресе ораза ұстап жүргенде тілін өтіріктен, ғайбаттан, өсек-аяңнан, басқаларын шағыстырудан, харам сөздерден, ұрыс-керістен сақтауы қажет.

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қасиетті сөздерінен үлгі ала отырып, мұсылман адам тек игі сөз айтуы керек: ِ“Аллаға және ақырет күніне иман еткен адам жақсы сөз айтсын немесе үндемесін” (Бұхари, әдеп 31, 85; риқақ 23; Мүслим, иман 74, құрбандық 19).

Бұл хадисті өмірлік қағида еткен мұсылман әрдайым Құран оқып, зікір айтып, ахиретті еске салатын, ойлануға себеп болатын сөздер айтуы керек. Әсіресе, ұрыс-керіс шығарудан аулақ болуы қажет. Егер оған осы мәселеде біреу тиіссе, ораза екенін айтып, қарсы жауап бермейтінін білдіре алады. Пайғамбарымыз бұл жайында былай деген: “Ораза – (күнәлардан қорғайтын) қалқан. Сондықтан ораза ұстаған адам жаман сөз сөйлемесін, дөрекілік көрсетпесін. Егер біреу оны балағаттаса немесе жанжалдасса, ол оған: “Мен оразамын” деп айтсын” (Бұхари, саум 9; Мүслим, сиям 163).

Ораза ұстап жүрсе де тіліне ие бола алмаған, тек қана асқазанына оразаға тұтқызған адам оразаның әкелетін сыйына жете алмайды. Ол тек аштық пен шөлдеумен ғана шектеліп қалады. Бұл туралы Алла Елшісі (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай дейді:

َ“Кімде-кім жалған сөйлеп, жаман сөз бен іс-әрекеттерден тыйылмаса, оның ішіп-жеуді доғаруына Алланың еш мұқтаждығы жоқ” (Бұхари, саум, 8, әдеп 51; Тирмизи, саум 16; Әбу Дәуд, саум, 25).

Басқа бір хадисте былай делінеді: “Кейбір ораза ұстағандар бар, бірақ олардың оразасынан алатын үлесі тек аштық пен шөлдеу ғана. Кейбір түнде намаз оқушылар бар, бірақ олардың бұл ғибадатынан алатыны тек ұйқысыздық қана” (ибн Мәжә, Сиям, 21; Ахмед ибн Ханбәл, әл-Муснад, 2/373).

материал «Ораза ұстаушының назар аударуы тиіс мәселелер» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: