22
Жұма,
Қараша

һижри

Аманатшылдық қайдан келген қасиет?

Аманатшылдық қайдан келген қасиет?

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Иман сөзі мен аманат сөзі араб тілінде «әмәна» деген бір түбірден тарайды. Яғни, мүминнің бойындағы аманатшылдық қасиеті сол иманның жемісі десек болады. Басқа қырынан талдайтын болсақ, екеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Иманы толық адам аманатшыл келеді һәм аманатшыл мүминнің иманы толық деп айта аламыз. Аманатқа қиянат – иманға, өзінің сеніміне қиянат деген сөз.

Мұсылманның бойындағы әрбір ізгі қасиет иманынан тарайды. Жаратушы Алла Тағаланың «Әл-Мумин» деген есім сипаты бар. Мағынасы: Өзіне иланған пенделерін панасына алушы, түрлі қасиеттен сақтаушы. Аманат сөзі осы сөзбен түбірлес. Сондықтан, аманатшыл адам Құдай Тағаланың осы сипатының себебімен қамқорлығына алған жан иелеріне пана болады, қиын-қыстау сәтте қасынан табылып жанашырлық етеді.

Аманатшылдық – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) бойында күндей жарқырап көрінген қасиет. Дүние есігін ашқаннан, ғұмырының ақырғы сәтіне дейін оның мүбәрак аузынан жалған сөз шықпаған. Пайғамбарлық келмей жатып, Құрайыш халқы оны «әмин» деп таныды. Оның әрбір сөзі мен ісі шынайылыққа толы еді. Тіпті, пайғамбарлық берілгеннен кейін де мүшриктер өз дүниелерін оған сеніп тапсыратын. Мекке шаһарынан Мединаға көшетін уақытта оған аманатқа берілген дүние-мүлікті өз иелеріне қайтаруды хазреті Әлиге тапсырып кетеді. Мүшриктер қауымы халқы мойындамаса да, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) аманатшылдығын мойындап, оның осы асыл қасиетіне ешкімді ортақ етпейтін.

материал «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: