09
Сәрсенбі,
Шілде

һижри

Пайғамбарымызды (с.ғ.с) қуанту үшін оқылатын намаз

Пайғамбарымызды (с.ғ.с) қуанту үшін оқылатын намаз

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Рабиатул-Адауия (р.а) бір күнде мың рәкат намаз оқиды (нәпіл) және Ол: «Мен бұл мың рәкат намазды сауап алу үшін оқымаймын. Мен оны Алла елшісін (Қиямет күні) қуанту және басқа пайғамбарларға «Үмбетімнен мына әйелді қараңдар! Ол күніне мың рәкат намаз оқитын еді» деп мақтануы үшін оқимын» - деген. (Рукул Баян 4/67)

Қиямет күні Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) басқа үмметтерге және басқа пайғамбарларға мақтанатын нәрселері болады. Расында Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай деген: «Үйленіңдер, көбейіңдер, мен сендердің көптіктеріңмен қиямет күні басқа үмметтерге мақтанамын».

Бір күнде мың рәкат намаз оқу мүмкін емес деп ойлау дұрыс емес. Имам Ағзам Әбу Ханифа (оған Алланың рақымы болсын) Қағбада екі рәкат намазда Құран Кәрімді толық хатым еткені баршаға мәлім.

Әбу Һурайра (р.а) бір күнде он екі мың мәрте истиғфар айтатын еді. Бұрынғы салиөалы бабаларымыздың өміріне назар салсақ, олардың харам мен күмәнді нәрселерден барынша аулақ жүргенін, Ислам дінін шынайы жүрекпен ұстанғанын көреміз. Сол себепті Алла Тағала олардың уақытына береке беріп, амалдарына түгелдей Аллаға арнады. Ал Алла олардың уақытына уақыт қосты. Бұл туралы қасиетті Құранда: «Кімде-кім ақыретке бет бұрып, оның жемісін қаласа, Біз оның ақыреттік табысын арттырамыз» («Шура» сүресі, 20-аят).

Осы аятқа қарама-қарсы келетін жағдайлар да бар. Алла елшісін (с.ғ.с) қуантатын амалдар қандай жақсы болса, керісінше үмметін ұялтатын, оның жүзіне қызыл түс түсіретін істер сондай ауыр әрі жаман. Сондықтан әрбір мүмін өзінің амалына мұқият қарап, уақыты мен мүмкіндігін ақыретке пайдалы істерге арнауы тиіс.

материал «Ғибрат тайм» кітабынан алынды,

ummet.kz 


Бөлісу: