Әнәс ибн Мәликтен (Алла оған разы болсын):
Ол: «Кісінің шашынан және сақалынан ақ түктерді жұлуы мәкруһ. Алла елшісі (с.а.с.) (шаш, сақалын) боямаған. Ақ (түктер) оның иек сақалында, екі самайында және басында әр-әр жерде ғана болатын», – деген (2341/104).
Әбу Жухайфадан (Алла оған разы болсын). Ол: «Мен көргенде Алла елшісі (с.а.с.) ақ (жүзді), шаштары ағара бастаған (кісі) еді. Әлидің ұлы Хасан (Алла әкесі екеуіне разы болсын) оған ұқсайтын», – деген (2343/107).
Әнәстен (Алла оған разы болсын). Алла елшісінің (с.а.с.) шаштары екі иығына түсіп тұратын (2338/94).
Әнәстен (Алла оған разы болсын). Ол: «Алла елшісінің (с.а.с.) шашы құлақтарының орта тұсына дейін еді», – деген (2338/96).
Ибн Аббастан (Алла әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Кітап түскен дін өкілдері шаштарын (маңдайына) тастайтын, ал мүшріктер шаштарын екіге айырып тарайтын еді. Алла елшісі (с.а.с.) өзіне (Алладан) ешқандай бұйрық келмеген (істе) кітап түскен дін өкілдеріне сай істегенді ұнататын. Алла елшісі (с.а.с.) (алғашқыда) маңдай шашын алдына тастайтын, (бірақ) ол кейіннен шашын екі айырып тарайтын болды», – деген (2336/90).
материал «Муслимнің сахих хадистер жинағы» кітабынан алынды,
ummet.kz