05
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбардай (с.ғ.с) жұмсақ болып, Оның (с.ғ.с) айтқанын айтыңдар

Пайғамбардай (с.ғ.с) жұмсақ болып, Оның (с.ғ.с) айтқанын айтыңдар

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) кезінде Абдулла есімді көңілді бір кісі болатын.

Пайғамбарымызды (с.ғ.с) оқта-текте кездескенде күлдіріп тұратын. Бірақ Абдулла ішімдік құмар еді. Бірде ішіп алғаны үшін оған дүре соғады. Кейін тағы да ішкені үшін дүре алады. Сонда бір кісі:

– Өзі жасап жүргеннен артық Алла оны лағынеттесін, - деп қалады. Мұны естіген Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оған:

– Оған лағынет айтпа! Ол Алла мен Елшісін жақсы көреді, - дейді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) бұл сөзі – ішкіштерді мақтау емес, керісінше, оларға басқаша көзқараспен қарау. Бірақ көбіне Алла біздің айыбымызды жасырып, абыройымызды асқақтатады. Әрбір адамда бір жақсылықтың нышаны болады. Намаз оқығысы келгенге намаз оқуды, оның хикметін үйретіп, құлшылыққа деген махаббатының ашылуына себеп бол. Ораза ұстағысы келгенге оразаны түсіндіріп, жақындарымен бірге оны ауызашарға шақырып отыр. Мұсылмандар тәкаппарлықпен емес, әлсіздіктен, білмегендіктен, түсінбегендіктен күнәға ұрынып қалады. Сонда оларды сөкпеңдер, ұрыспаңдар, ұрмаңдар. Пайғамбардай (с.ғ.с) жұмсақ болып, Пайғамбардың (с.ғ.с) айтқанын айтыңдар!

материал Аслан Орақбайдың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: