Алла елшісі (с.ғ.с) адамдарға әрқашан жылы қабақпен қарап, күлімсіреп сөйлейтін.
Оның жымиысы – сахабалары үшін жүректерді тыныштандыратын шипа еді. Жәрир ибн Абдулла (р.а) айтады: «Мұсылман болған күннен бастап Алла елшісі (с.ғ.с) ешқашан мені есігінен тоспады. Әр жолы кездескенде, міндетті түрде күлімдеп қарсы алатын» (Тирмизи). Бұл – Оның әрбір адамға ерекше көңіл бөлуінің белгісі.
Дарда-Уммуд айтады: «Әбу Дарда әңгіме айтқанда үнемі күлімсірейтін. Мен одан: “Адамдар сені ақымақ деп ойлап қалмай ма?” – деп сұрадым. Ол: “Мен Пайғамбарымызды (с.ғ.с) әрқашан әңгімесін күлімсіреп айтқанын көрдім. Мен де соған еліктеймін” – деді» (Ахмад). Демек, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) күлкісін де тәрбиенің құралына айналдырды. Оның күлімсіреуі сахабаларын қуанышқа бөлеп, әрбір кездесуді мейірімге толтыратын.
материал «Бұл Алланың елшісі» кітабынан алынды,
ummet.kz