Ахмед Бадр әд-Дин Хасун. Ол – Сирия мүфтиі. 1949 жылы Алеппо қаласында дүниеге келген. Араб әдебиеті маманы. Шафиғи фиқһы бойынша әл-Азхар университетінде докторлығын қорғаған. 2002 жылы Алеппоға мүфти боп тағайындалды. Сирияның жоғары пәтуа мәжілісінің мүшесі, Халықтық мәжілістің жетінші және сегізінші шақырылымының мүшесі. Алепподағы Рауда мешітінің имам хатибы. Ахмед Хасуннің Еуропарламент мінберінен айтқан сөздерін бейне және жазба нұсқасын ұсынамыз.

Иә, күн сайын ұйқыңнан оянып, айналаңа қарасаң мынаны байқайсың. Дүние жарыс... Күйбең тіршілік... Бітпес жұмыс… Қазіргі қоғамдағы бейне осы. Бұл жағдай біреулерді алыстағы ағайынынан, туған бауырларынан, қала берді ата-анасынан алыстатып барады.

Басында Ирақта сыртқы басқыншыларға қарсы Әбу Мұса Заркауи бастаған «жамаағат ал таухид уа ал жиһад» тобы құрылады. Бұлардың мақсаты Иракты езіп отырған сыртқы батыстық орталықтар мен әскери күштерді елден аластамақ болатын. Сосын сол батыстық күштермен одақтасып құрал болып отырған Ирак мұсылмандарын «тазалауды» мақсат етті. Сосын белгілі Ирактағы шиизм идеологиясы мен олардың әскери потенциалын құртуды көздеген, толығымен тек шариғат заңымен басқарылатын Ислам мемлекетін құру болатын. Идеологиясы — салафизм.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы – еліміздегі күллі мұсылман қауымының қарашаңырағы, рухани ордасы. Бүкіл мешітті бір орталыққа біріктірген мүфтият қоғамды имандылыққа үндеп қана қоймай, барша ұлттар мен ұлыстарды бірлікке шақырады.

2015 жыл тәуелсіз мемлекетіміз – Қазақстан Республикасының жылнамасына жарқын беттерімен енері анық. Биылғы жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының және еліміз Конституциясының 20 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығы және Қазақ хандығының 550 жылдығы тәрізді тарихымыздағы іргелі оқиғаларды мерекелеумен тұспа-тұс келіп отыр.

Бүгін исі мұсылман баласы үшін ерекше күн. Себебі, мұсылманша жыл басы болып табылатын мұхаррам айы кіруде. Қасиетті мұхаррам айымен келген 1437-һижри жаңа жыл басы күллі мұсылман қауымы үшін құтты болғай.

Хадистерде ислам дінінің ішкі жаулары қалай бейнеленген? «Қара байрақ» дегеніміз не? Тəкпіршілердің терминдері қандай? Сирияға кетпек болған адамды қалай анықтауға болады? Назарларыңызға «delo.kg» сайтына шыққан танымал журналист Вадим НОЧЁВКИННІҢ белгілі ислам ғалымы Қадыр Мəліковтен алған сұхбатын ұсынамыз.

Қ ы р ғ ы з ж ұ р т ы ү ш і н И Ш И М географиялық тұрғыдан алыс жатқан, бүгінде аймақ пен тележобалардан көрінетін үрейлі бейнеден бері аттап, таянды. Ол – біздің тура жанымызда. Олар шалғайдағы соғысқа қатысу үшін отбасыларын тастап кеткен еркектер мен əйелдерімізді жалмап қана қойған жоқ. Бішкектің орталығында болған шілде қақтығыстарына да ИШИМ-нің қатысы бары енді анықталып отыр. ИШИМ талай азаматтың санасын бағындырып, «шынайы мұсылманның» жалғыз ақ жолы ретінде миларына сіңіп алған. «Дін. Құқық. Саясат» зерттеу орталығының басшысы Қадыр Мəліков бүгін саясаткер ретінде емес, ислам ғалымы мен діндар мұсылман ретінде өз ойларын ортаға салады.

Тілін кәлимаға келтірген кез келген иманды жанның бұл өмірдегі ұстанымы «Алла – бір, пайғамбар – хақ, Құран – шын» деген қағида болып табылады. Шынында осыншама алып ғаламды жаратып, оған жүйелі тәртіп орнатқан бір ұлы құдіреттің бар екенін әрбір ақыл жүгірткен пенде мойындары хақ. Өйткені, жаратқан Алла ақылымыз арқылы өзін тануға мүмкіншілік бергені сөзсіз. Дініміз исламның іргетасы – «таухид» сенімі. Яғни, тілімізбен айтып, жүрегімізбен растайтын «Кәлима таухид» және кәлима шәһәдат» сөздері «Алладан басқа ешбір жаратушының жоқтығын» айқын айғақтайды.