Делдалдық «Тәлаққұру Рұқбанә» - деп ауылдан шығатын өнімдерді қала базарына жеткізбей жолдан сатып алуды айтамыз. Бұл сөзді Пайғамбарымыздыңﷺ кезінде ауылдан әкелген затын, базарға жеткізбей орта жолдан арзанға сатып алып, базардағы саудагерлерге апарып, сатушыларға қолданған.
Күнәңді таудай көріп, тәубе ет...
Бұл өмір әрбір жұмырбасты пенде үшін сынақ мекені. Ақылы бар жан жалғанның сынақ сәтінде жүгенін сезініп, өмірлік һәм ақыреттік жауапкершілігін білуі қажет. Дейтұрғанмен, өздерін сұраусыз дүниеде жүргендей көретін адам баласы тыйым салынған істерге тез бой алдырып, күнә атаулыға белшеден батары хақ. Күнәдан құтылудың және онан тазарудың жолын дініміз нұсқап, жөн-жосығын көрсетіп те берді.
Жеті хадис жаттап ап, алты қырдан айқай сап...
Надандық – дінге тек бір жақты қарау, айналасындағыларды өз көзқарасын қолдауға мәжбүрлеу сынды әрекеттерден тұрады. Расында, қазіргі таңда ел ішіндегі діннің төңірегінде шолақ белсенділер де көбейді. «Ілімі таяздың дауысы да қарлығып шығады», өз бойының қысқалығын көрмей, бойы ұзынмен таласатындардың әрекеті адам жанын қайтсе де жараламай қоймайды. Кеудеде шықпаған бір жан болса да, жан жарасы көбейген сайын мың жаның бардай сезіледі кейде. Данышпан Абай жарықтықтың «Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма» дегені осындайда еріксіз ойға оралады екен. Атам қазақ «Жақсы ниет – жарым ырыс» демеуші ме еді, жақсы ниетпен қателессе игі еді деп, өз-өзіңді жұбатқандай боласың.
Перзенттің ата-анасының алдындағы міндеттері
Күллі мақтау мен мадақ әлемдердің Раббысы – Алла Тағалаға болсын! Жаратылғандардың абзалы Мұхаммедке (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын), оның отбасы мен сахабаларына және оларға ергендерге қияметке дейін Алла Тағаланың сәлемі мен салауаты жаусын!
Амал дәптерімізді қалай толтырып жүрміз?
Ес білгелі дәптердің түр-түрін көріп келеміз. Әсіресе, мектеп табалдырығын аттап, қолға алғаш қалам алғалы бері қанша дәптерді тауысқанымыз есте жоқ. Тіпті, университет жылдарында да қолымыздан дәптеріміз түспейді. Әскерге, я дәрігерге барсақ та бізге дереу жеке дәптер арнағанына куә боламыз. Бірақ, бұл дәптерлер көбіне өмірдегі негізгі дәптерді еске салмайтыны өкінішті-ақ. Ол – амал дәптері.
Бостан ДЖЕМИЛОГЛҰ: «Басынан бағы, ханынан тағы тайған ел»
Бостан ДЖЕМИЛОГЛҰ, Таяу Шығыс жөніндегі сарапшы:
«Басынан бағы, ханынан тағы тайған ел»
Құрбан шалу оқиғасы
Ибраһим өзіне ерген адамдарымен бірге керуенмен Ирақ елінен шықты. Олар Палестина еліне қарай бет алды. Күні-түні жүріп отырып олар ақырында Палестина жеріне аяқ басты. Мұндағы халықтар да Алладан басқа жұлдыздар мен ғаламшарларға табынады екен. Ибраһим бұл жерде біраз уақыт қоныстанды. Палестина халқын Алланың тура дініне шақырды. Ғалам мен жұлдыздардың шынайы жаратылысын оларға әбден түсіндіріп бақты. Аспан денелерінің адамдар сияқты жай жаратылыс екендігін ұғындыруға тырысты. Алайда Бабыл шаһарының жұрты секілді бұл жердің халқы да өздерінің азғын діндеріне әбден берілген ел еді. Олар Ибраһимнің айтқан насихатына құлақ аспады. Түсінгілері де келмеді. Алла Тағаланы жеке дара құдай деп танудан бас тартты. Баяғыларынша аспан денелеріне табынуларынан таймады. Өзінің елшісіне мойынсұнбаған бұл халықты Алла Тағала таршылықпен, құрғақшылықпен жазалады.
Қайыры мол Құрбан айт
Құрбан айт намазы Астана қаласы бойынша 24 қыркүйек күні, сағат 7:45-де оқылады. Биылғы айт мерекесі 24-26 қыркүйек аралығына сәйкес келеді.
Баланың анаға деген махаббаты таңқалдырды (ВИДЕО)
Естеріңізге салсақ, 11-қыркүйек күні Сауд Арабиясы Мекке қаласында «Әл-Харам» мешіті алаңындағы құрылыс крандары құлап, салдарынан жүздеген қажы қаза тапқан болатын. Мұсылман халқы душар болған қайғыға байланысты әлем халқы көңілдерін білдірісті.
ҚҰРБАН АЙТТЫҢ ҚАДІРІ МЕН ҚАСИЕТІ
Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының төрағасы, Бас мүфти
Құрбан шалу қайдан шыққан?
«Құрбан» – араб сөзі. Мағынасы «жақындау» дегенді білдіреді. Демек, бұл лайықты ізгі істер жасау арқылы Жаратқанға жақындау деген сөз. Ал құрбан шалудың шариғаттағы анықтамасы – «Құдайға құлшылық ниетімен ереже-шарттарын ескере отырып, мал шалу».
Теңін тапса, тегін ауыстыр
Жо-жоқ, бұл мақал «Теңін тапса, тегін бер» деген. Ал мақаламызда теңін тапқан жұптардың ата тегін ауыстыру жайында бірер сөз қозғамақпыз...