Бүгінгі қоғамда, әсіресе мұсылмандар арасында белең алып отырған ажырасу проблемасы көпшіліктің көңілін алаңдатуда. Зерттеу агенттігінің хабарлауынша, 2013 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанда 34 мың отбасының шаңырақ көтеріп, дәл сол жылы 11 мыңнан астам отбасының ажырасқандығы тіркелген.

Бүгінгі сұхбатымызға асыл дінімізде һәм ата дәстүрімізде негізі бар тоқал тақырыбы, әмеңгерлік салты арқау болмақ. Әлеуметтанушы сарапшы мамандар тәуелсіздік алған кезеңнен кейін осы үрдістің көптеп көтеріле бастағанын айтады. Ал дін мамандары бұл қадамға нәпсінің қалауымен емес, ақылдың көзімен қарап келу керек дейді.

Молда – бұл араб сөзі, синонимі имам. "المُلَّا‎" –мырза, әмірші, ғалым, діни рәсімдерді атқарушы, ұстаз. Имам – мұсылмандардың дінге де, дүниеге де қатысты істерін бірдей басқарушы. Бұл турасында қасиетті құранда:

Капитализмнің дамуымен соңғы ғасырларда гедонистік түсінік жер жаханда кеңінен тарап, адамды шектен тыс тұтынушылыққа итермелеуде. Қазіргі қарыштап дамып келе жатқан техника-технологиялық жетістіктердің барлығы да адамның қажеттіліктерін өтеп, өмірден барынша ләззат алу үшін жағдай жасауға бағытталған.

Пайғамбарлар – Хақ-Тағаланың қалауымен ерекше кемел болып жаратылған адамзаттың ардақтылары. Хақ Елшілері сөз жоқ, ғалам үшін илаһи нығмет, адамзаттың бақ құсы. Олар Ұлы Жаратушының пәрменін қаз-қалпында жеткізіп, илаһи үкімді қалай ұғыну һәм қалай тұтыну керектігін үйретуші - тәлімі мінсіз тәлімгерлер. Шыр етіп дүние есігін ашқандағы ұлы миссиясы - хақиқатты паш ету болғандықтан, Хақ Елшілері бұл уәзипаны тегін әрі мінсіз атқарған.