Бұйыра бермейтін бақыт

Жуырда Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен тұңғыш рет І республикалық имамдар форумы өтті. Тарихи шарада«Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы», «Шынайы мұсылманның бейнесі», «Имамның тұлғалық келбеті», «Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы қызметкерінің этикасы» атты тәлімдік құжаттар қабылданды.

«Дін мен дәстүр – егіз» дегенді кішкене кезімнен құлағыма құйып өстім. Өнегелі тәрбиесімен үлгі бола білген, ақиқатты ашып көрсеткен ата-анамның ғибраты уақыт өткен сайын тек жаңғырып келеді. Бүгінгі таңда дінді – дәстүрсіз, дәстүрді – дінсіз көзге елестету мүмкін емес, себебі, күнделікті ісіміз, әрбір тіршілігіміз Ислам дінімен астасып жатыр.

Қазақ мұсылмандықты қабылдағаннан бастап ханафи мектебінің қағидаларын негізге алған. Осылайша, Әбу Ханифа мәзһабы (діни-құқықтық мектеп) сан ғасырлардан бері қазақ халқына сіңісті, ұлттық дағдысына айналған дәстүрлі жол болып саналады.

Ислам  ата-ана мәртебесiн басқа ешбiр дiнде болмаған дәрежеге көтерiп, оларға тиiстi адамгершiлiк, әдеп-инабаттылықты Алла Тағаланың жалғыздығына иман келтiруден кейiнгі екiншi орынға қояды:

 وَقَضَى رَبُّكَ أَلاَّ تَعْبُدُوا إِلاَّ إِيَّاهُ وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا

Құран түскен құт мекенге, Пайғамбар табаны тиген киелі топыраққа, қасиетті Мекке қаласына қажылық ету – әрбір жұмыр басты пенденің арманы. Дегенмен, қажылық – ауыр да машақатты сапар. Үлкен дайындықты, ерекше әзірлікті қажет ететін сапар. Тәуекел деп аттанып кете баратын сапар емес.

Бір қызығы, жыр сүйер қауымның қатары жас өскіндермен толыққан сайын Мұқағали Мақатаевтың жыр әлеміне деген оқырман қызығушылығы үдей түсіп, жырларын жатқа оқып, оны өзіне ұстаз тұтатындардың саны толастамақ түгілі, жылдан-жылға еселеп кетті десе болғандай.

«Жанжалды жаны сүймейтін»

Хазреті Әнас ибн Мәлік (Алла оған разы болсын)  адал болғандығы соншалықты кез келген жағдайда пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үшін жанын пида етуге дайын еді. Ол салт-дәстүрді жақсы меңгеріп, пайғамбарымыздың әрбір іс-әрекетіне мұқият қарап, діни рәсімдерді де дәл пайғамбарымыздай етіп орындауға тырысатын.

Наурыз ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша 22 наурыз күн мен түннің теңесуі кезіне тең келеді. Парсы тілінен түркі тілдес халықтарға өткен наурыз «но=жаңа + роуз=күн» деген сөзден шығады. Мағынасы «жаңа күн».

Әр істе ақылмен әрекет ету – адам баласын басқалардан айрықша көрсететін басты ерекшеліктердің бірі. Ақылды адамның сөзі аз, ісі көп, әр қадамы мығым болады. Тек қана ауызбен орақ орып қойып, іс жүзінде ештеңе тындыра алмасаңыз, ақылды, парасатты адамдар қатарына кіре алмайсыз. Ал, ондай адамдардың қатарынан көріну үшін артық-ауыс әңгімені шектеп, пайдалы жұмыстармен айналыспақ керек. Сонымен қатар, адам баласы Алланың қалауымен жаратылған әлсіз бір құл екенін сезіне білген дұрыс.

Бүгінгі қоғамда, әсіресе мұсылмандар арасында белең алып отырған ажырасу проблемасы көпшіліктің көңілін алаңдатуда. Зерттеу агенттігінің хабарлауынша, 2013 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанда 34 мың отбасының шаңырақ көтеріп, дәл сол жылы 11 мыңнан астам отбасының ажырасқандығы тіркелген.