23
Сейсенбі,
Шілде

һижри

Омардың (р.а) Рамазан айында айтқан насихаты

Атақты сахаба Омар ибн Әл-Хаттаб (р,а) Рамазан айы келгенде өзгелерге былай деп насихат айтатын еді:

«Отбасыма Алланың сүйіспеншілігін қалдырдым»

Омар (Алла одан разы болсын) рамазан айында түнгі құлшылықты әдетке айналдырып, түннің жартысында «Таха» сүресінің 132-аятын оқып (Үй-ішіңді намазға бұйыр және өзің де оған көңіл бөл. Біз сенен ризық тілемейміз. Сені біз ризықтандырамыз) одан соң өз отбасын намазға тұрғызатын.

Мұсылмандардың пайдасына пәтуа берген ғұлама

60 жылдай бұрын Рамазан айында Тунис президенті халық алдында ішіп-жейтін боп шешеді. Осылайша Тунис халқын да өзіне еруге шақырмақ болады.

Қырық жыл бойы үзбестен ораза ұстаған сахаба

Ораза адамның жасаған күнәларына, жаманшылықтарына кәффәрат болады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу әләйһи уа сәлләм): «Расында ер адамның фитнасы ол оның отбасында, баласында, малында, көршілерінде болады, ал енді соның кәффәраты ол – ораза, намаз, садақа және жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтару»,-деген.

Пәлекетке ұрындырған байлық (ғибратты әңгіме)

Мәдиналық мұсылмандар ішінде Салаба атты сахабаның дүние-мүлікке, байлыққа деген құштарлығы ерекше болатын. Жатса-тұрса бай болсам, байлыққа бір қол жеткізсем деп көксеген ол бар аңсарының соған ауғаны соншалық, ойлай-ойлай шақшадай басы шарадай болып, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылды.

Қойшы мен алма ағашы (ғибратты оқиға)

Қойшы қарт қойларын өрістетіп, жайылымға жайған сайын дөңге жақын өскен бір алма ағашының түбіне барып дем алатын.

Әулие кісінің оразасы неге бұзылды? (ғибратты оқиға)

Әулие құлдардың оразасы астан тыйылумен ғана шектелмеген. Олар ауыз бекіткенде бойды барлық жаман қылықтардан аулақ ұстап, рухани тазалыққа көп көңіл бөлген.

Ешбір жақсылық ескерусіз қалмайды ( ғибратты оқиға)

Бұл оқиға Иракта болған. Мұсылман әйел күйеуінен айырылып, үш баласымен қалып қояды. Отбасын асырамаққа қаншама рет жұмыс іздеп аяғынан таусылса да нәтиже шықпайды. Материалдық жағдайы күннен-күнге нашарлайды. Ақыры шиеттей ұл-қыздарының аштықтан бұратылғанына шыдамай, көмек сұрап көше жағалауға бел буды.

Әбу Ханифаны шапалақпен ұрған адамның оқиғасы

Ұлық Имам Әбу  Ханифаның терең ілімі мен тапқырлығына және парасаттылығына сүйсінетін адамдар көп еді. Алайда, оның біліктілігін және халық алдындағы беделін қызғанатын теріс ниетті адамдар да жоқ емес-тін. Лаж болса, қатесін әшкере етіп, масқара еткісі келетіндер бар тұғын.