Бүгін ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Астана қаласындағы мешіттердің бас имамдары Құрбан айтқа орай «Раббың үшін құрбан шал» атты дәстүрлі кеңесте бас қосты.
Қасапшылар семинарында құрбандық шалудың әдептері айтылды
Құрбан айт – қазақ жұртшылығында ерекше аталып өтетін айтулы мереке. Бүгін «Нұр Астана» орталық мешіті айт мерекесінде құрбандық шалатын орындарда қызмет қылатын қасапшыларға арнайы семинар-тренинг ұйымдастырды. «Қасапшылық сауапты һәм жауапты іс» атауымен өткен шараға «Нұр Астана» орталық мешітінің ұстазы Ілияс Отаров, ҚМДБ-ның «Халал Даму» ЖШС сарапшысы Алмагүл Қуанышқызы, Астана қалалық СЭС-тың жетекші маманы Айбек Бақытбеков қатысып, қасапшыларға діни әрі тазалық турасында кеңестер айтты.
Астанада құрбан шалатын орындар белгіленді
Биыл «Құрбан айт» мерекесін тойлау 1 қыркүйекте басталып, 3 күнге созылады. 1 қыркүйекте сағат 07.00-де елорданың 8 мешітінде мерекелік «Айт намазы» оқылады. 3 қыркүйекке дейін құрбандық шалу өтеді. Астанада құрбандық шалуда мал союға арналған белгіленген негізгі орындар анықталды.
«Нұр Астана» мешітінде лаңкестік әрекеттерден сақтану сабағы өтті
Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінде «Лаңкестік әрекеттерден сақтану жолдары» тақырыбында әйелдер жамағатына арнайы сабақ өтілді. Сабақты орталық мешіттің ұстазы, ҚМДБ жалпы жастар ісі әйел қыздар секторының жетекшісі Нұрғалиева Динара Құтқожақызы жүргізді.
"Астана медресе колледжінің" биылғы талапкерлері қабылдау емтиханын тапсырды
«Астана медресе колледжінде» оқуға биыл 95 талапкер үміт білдірді. Бүгін олар кезекті емтиханды тапсырып, Ислам негіздері төңірегінде әңгімелесу кезеңінен өтті.
Шаштараз мамандары оқушылардың шашын тегін қиып берді
Бүгін корпоративтік «Зекет» қорының Астана қаласы өкілдігінде жыл сайынғы «Мектепке дайындаламыз» қайырымдылық акциясы өтті.
"Шапағат" базарында экстремизмге қарсы кездесу өтті
Кеше ақпараттық-түсіндіру тобы «Шапағат» коммуналдық базарының қызметкерлерімен жат ағымдарға қарсы кездесу өткізді.
"Әс-Сәләм" мешіті "Мектепке жол" акциясын өткізді
Астана іргесіндегі Теміржолшылар кентінде орналасқан «Әс-Сәләм» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы өтті.
«Нұр Астана» орталық мешітінде қажыларды шығарып салу шарасы өтті
Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінде «Астанадан нұрлы сапарға ақ жол» қажылық сапарға Астана қаласынан жол жүретін қажыларды шығарып салу шарасы өтті. Шараға бес парыздың бірі – қажылықты өтеуді ниет еткен мұсылмандармен қатар ҚМДБ-ның Жастар және жалпы бөлім меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы, ҚМДБ-ның мешіт істері бөлімінің меңгерушісі, «Тауаф» фирмасының директоры Жанділда Бекжігітов және «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Нұрлан Рамазанов, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы Әділ Агитаев қатысты.
"Әл-Ғани" мешіті оқушыларды мектепке дайындауға атсалысты
Әр оқу жылының қарсаңында ҚМДБ мешіттері «Мектепке жол» қайырымдылық іс-шарасын дәстүрлі түрде өткізіп келеді. Биылғы оқу жылында да елорда мешіттерінде «Мектепке жол» акциясы жалғасын тапты.
«Төлебай» мешітінде «Мектепке жол» акциясы өтті
Жаңа оқу жылына орай кеше «Төлебай» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті. «Төлебай» мешітінің бас имамы Асхат Салимов ұйымдастырған дәстүрлі шараға Астананың, Күйгенжар және Интернациональный (Учхоз) тұрғын аумақтарының әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасы балалары мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылары қатысты.