26 ақпан. АСТАНА. Ummet.kz. ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігі, «Нұр Астана» орталық мешітінде «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті Исламтану кафедрасының профессоры, Phd докторы Шамшат Амангелдіқызы әйелдер жамағатымен кездесті.
«Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Eлшісінің діни істер жөніндегі аға кеңесшісімен кездесті
Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Асқар қажы Мұқанов Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Eлшісінің діни істер жөніндегі аға кеңесшісі Галиб Акын мырзамен кездесті.
Бас мүфти «Нұр Астана» орталық мешітінде жұма уағызын өткізді
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазірет «Нұр Астана» орталық мешітінде жұма уағызын жүргізді. Бас мүфти қасиетті күннің құлшылығына жиналған Елорда жұртына «Мұсылманның ақысы» жөнінде салиқалы әңгіме өрбітті.
«Жібек» қыз-келіншектер клубы салауатты өмір салтын ұстану шеберлік сағатын өткізді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының насихат және қоғаммен байланыс бөлімі «Әйелдер-қыздар» секторы мен «Нұр Астана» орталық мешітінің «Жібек» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен қыз-келіншектер арасында салауатты өмір салтын ұстанудың пайдасына арналған шеберлік сағаты өтті.
«Нұр Астана» орталық мешіті қала тазалықшыларына тегін тамақ таратты
Күн райының қолайсыздығына орай «Нұр Астана» орталық мешіті «Астана – мейірімді қала» акциясы аясында қала тұрғындарына, жаяу жүргіншілер мен көше қызметкерлеріне тегін тамақ таратуды бастап кетті.
Астана – мейірімді қала атты акциясы басталмақ
Құрметті Астаналықтар! Нұр Астана орталық мешіті елордамыздағы күн райының қолайсыздығына орай қыс мезгілінің қазіргідей аязды күндері көмекке мұқтаж болған жандарға, қамқорлық танытуға шақырады. Осыған орай мешіт қызметкерлері мен жамағат бірлесе отырып “Астана – мейірімді қала” атты акциясын бастауда.
Бас мүфти Елорда имамдарымен кездесті
Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың қатысуымен «Адами капитал – жаңғыру негізі» атты Елбасы Жолдауын қала имамдарына кеңінен таныстыру жиыны өтті.
Елорда имамдары «Нұр Астана» орталық мешітінде бас қосты
Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Асқар Мұқанов Астана қаласының имамдарына жиналыс өткізді.
Орталық мешіттің бас имамы «Астана медресесі» шәкірттерімен кездесу өткізді
«Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Асқар Мұқанов мешіт жанындағы «Астана медресесі» шәкірттерімен кездесіп, салиқалы сұхбат құрды.
Бас мүфти «Нұр Астана» орталық мешітінде Құран жайлы көркем уағыз айтты
Кеше «Нұр Астана» орталық мешітінде құптан намазынан кейін Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз жамағатпен бірге намаз оқып, Құран Кәрімнің құндылықтары туралы көркем уағыз айтты.
Мешіт көркі - бірлігі жарасқан жамағат (ФОТО)
Мешіт көркі – жамағат. Ал, құлшылық үйінде жиналған мұсылмандардың береке, бірлігі дініміздің негізгі тірегі болмақ. Сол себепті мешіттегі мүміндердің имам, ұстаздармен, жалпы жамағатпен қарым-қатынасына ерекше көңіл бөлінеді. Осындай игі мақсатта «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Асқар Мұқановтың ұйытқысымен жамағатқа ас берілді.