07
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

«Төлебай» мешітінде Миғраж түні құрметіне нәпіл ораза ұстаған жамағатқа ақшам намазынан кейін дастархан жайылып, ауыз ашар берілді.

Астана мешіттерінде дәстүрлі дін құндылықтары қарқынды насихатталуда. Қала іргесіндегі «Теміржолшылар» кентінде орналасқан «Әс-Сәлам» мешітінде осындай кезекті салиқалы кездесу өтті.

Донор тапшылығы бүгінде елімізде өте өзекті мәселе. «Нұр Астана» орталық мешіті осы мәселенің оңтайлы шешім табуына өз үлесін қосып келеді.

Жақсылық жасау – адам баласының асыл қасиеті. Ал ізгілікке құштар болу мұсылман баласын имани кемелділікке жетелейді. Ізгі орта, жақсы қоғамды қалыптастырады. Кеше «Нұр Астана» орталық мешіті жанынан құрылған «Жақсылықта жарысайық» атты жамағат тобы бір айдағы жасалған қайырымдылық қорытындысын көпшілікке таныстырып, жұртшылыққа дастарқан жайды.

Бүгінде ел мешіттері ұлттық және мұсылман мерекелерінде сан алуан қайырымдылық жәрмеңкелерін ұдайы ұйымдастырып келеді. Аталған жәрмеңкеден түскен қаражат әртүрлі ізгі мақсаттар іске асырылады.

Астана қаласы Қырқыншы станса елді мекеніндегі «Әс-Сәлам» мешітіне «Астана медресесінің» директорының бірінші орынбасары Қанат Қалымбетұлы келіп, «Ілім - мұсылманның қорғаны» тақырыбында жамағатқа уағыз айтты.

Бүгін «Алау» спорт кешенінде «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Салауатты жамағат» IV қалалық спорттық ойындар сайысы өтті. Спорт додасына қаладағы сегіз мешіт, «Нұр Астана» орталық мешітінің сауат ашу бөлімі және «Қауам ад-Дин әл-Итқани әл-Фараби ат-Түркістани» атындағы қарилар орталығының құрама командалары қатысты.