27
Сенбі,
Маусым

һижри

Бүгін ҚМДБ  наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Астана қаласындағы мешіттердің бас имамдары  Құрбан айтқа орай «Раббың үшін құрбан шал» атты дәстүрлі кеңесте бас қосты.

Құрбан айт – қазақ жұртшылығында ерекше аталып өтетін айтулы мереке. Бүгін «Нұр Астана» орталық мешіті айт мерекесінде құрбандық шалатын орындарда қызмет қылатын қасапшыларға арнайы семинар-тренинг ұйымдастырды. «Қасапшылық сауапты һәм жауапты іс» атауымен өткен шараға «Нұр Астана» орталық мешітінің ұстазы Ілияс Отаров, ҚМДБ-ның «Халал Даму» ЖШС сарапшысы Алмагүл Қуанышқызы, Астана қалалық СЭС-тың жетекші маманы Айбек Бақытбеков қатысып, қасапшыларға діни әрі тазалық турасында кеңестер айтты.

Биыл «Құрбан айт» мерекесін тойлау 1 қыркүйекте басталып, 3 күнге созылады. 1 қыркүйекте сағат 07.00-де елорданың 8 мешітінде мерекелік «Айт намазы» оқылады. 3 қыркүйекке дейін құрбандық шалу өтеді. Астанада құрбандық шалуда мал союға арналған белгіленген негізгі орындар анықталды.

Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінде «Лаңкестік әрекеттерден сақтану жолдары» тақырыбында әйелдер жамағатына арнайы сабақ өтілді. Сабақты орталық мешіттің ұстазы, ҚМДБ жалпы жастар ісі әйел қыздар секторының жетекшісі Нұрғалиева Динара Құтқожақызы жүргізді.

«Астана медресе колледжінде» оқуға биыл 95 талапкер үміт білдірді. Бүгін олар кезекті емтиханды тапсырып, Ислам негіздері төңірегінде әңгімелесу кезеңінен өтті.

Бүгін корпоративтік «Зекет» қорының Астана қаласы өкілдігінде жыл сайынғы «Мектепке дайындаламыз» қайырымдылық акциясы өтті.

Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінде «Астанадан нұрлы сапарға ақ жол» қажылық  сапарға Астана қаласынан жол жүретін қажыларды шығарып салу шарасы өтті. Шараға бес парыздың бірі –  қажылықты өтеуді ниет еткен мұсылмандармен қатар ҚМДБ-ның Жастар және жалпы бөлім меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы, ҚМДБ-ның мешіт істері бөлімінің меңгерушісі, «Тауаф» фирмасының директоры Жанділда Бекжігітов және «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Нұрлан Рамазанов, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы Әділ Агитаев  қатысты.

Әр оқу жылының қарсаңында ҚМДБ мешіттері «Мектепке жол» қайырымдылық іс-шарасын дәстүрлі түрде өткізіп келеді. Биылғы оқу жылында да елорда мешіттерінде «Мектепке жол» акциясы жалғасын тапты.

Жаңа оқу жылына орай кеше «Төлебай» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті. «Төлебай» мешітінің бас имамы Асхат Салимов ұйымдастырған дәстүрлі шараға Астананың, Күйгенжар және Интернациональный (Учхоз) тұрғын аумақтарының әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасы балалары мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылары қатысты.