22
Жұма,
Қараша

һижри

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласындағы өкілдігі, «Нұр Астана» орталық мешіті қыркүйек айының 24 (сенбі) күні «Отбасы күніне» орай сағат 15:00-де жыл басынан бері отау құрып, «Нұр Астана» орталық мешітінде ақ некелерін қидырған отбасыларға арналған «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» атты рухани кездесу ұйымдастыруда.

Құрбан айт бас қаламызда ауқымды көлемде аталып өтті. Қасиетті мереке күні қала іргесіндегі «Теміржолшылар» елді-мекенінде орналасқан «Әс-Сәлам» мешітінің бас имамы Нұрбол Абсаттарұлы №1 қалалық ауруханада (неврология, пульмонология, кардиология, травмотология т.б бөлімшелерінде) жатқан науқастарды айт мерекелерімен құттықтап, хал-жағдайларын біліп қайтты.

Биылғы Құрбан айт мерекесі республика көлемінде, елдімекендер мен шартарапта кеңінен аталып өтті. Астана қаласының іргесіндегі «Теміржолшылар» елді-мекенінде орналасқан «Әс-Сәлам» мешіті қасиетті мейрамда бірқатар қайырымдылық шараларына ұйытқы болды.

Бүгін Астананың айшықты құлшылық үйі «Нұр Астана» орталық мешітінде айт намазы оқылды. Таң сәріден халқымыздың ұлық мейрамында мінәжат үшін мешітке жиылған жұртшылықта есеп жоқ.

Бүгін «Астана» медресесінде елорда мешіттерінің қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңындағы дайындығына арналған имамдар жиыны өтті.

Қадірлі Астана тұрғындары мен қала қонақтары! Құрбан айт халқымыздың қасиетті де қадірлі мерекесі. "Нұр Астана" орталық мешіті берекелі мерекені бұқара болып атап өту үшін арнайы бағдарлама құрды. Ізгілікке үн қосып, айт мейрамын бірге атап өтуге шақырамыз.

Құрбан айт – қазақ жұртшылығы үшін ерекше сезіммен күтер мереке. Бүгінде айтулы мейрамда игі істерге, қайырымдылық шараларына үлес қосуға асығар ағайын қарасы молайды.

Ислам – бейбітшіліктің әрі білімнің діні. Бүгінгі бар ғылымның бастауы ислам өркениеті мен мұсылман ғалымдарынан тарқатылатынына әлем куә. Бұл – қазіргі күннің мұсылман жастары үшін сауапты да асыл міндет жүктейтін тарих.