20
Сенбі,
Сәуір

һижри

АСТАНА. ҚазАқпарат - Терроризм мен экстремизмге қарсы мемлекеттер тек қана бірлесіп күресе алады. CCTV телеарнасына сұхбат берген Қазақстан Президенті Назарбаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстанда 2017 жылы терроризмді насихаттайтын 9 мыңға жуық сайттың жұмысы тоқтатылған. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті.

Шығыс Қазақстан облысына сапарлай келген Америкалық танымал актерлер Кэри Тагава, Бай Линг, Марк Дакаскос және Эрик Робертстер бүгін облыстық «Халифа Алтай» мешітіне әдейі келді. Мәртебелі қонақтарды ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболаұлы қарсы алып, мешітті аралатып, таныстырды.

Әлемге әйгілі діндар ғалым Әбу Хамид әл-Ғазалидің «Ихия-у Улумиддин (Дін ғылымдарының қайта жандануы)» атты 4 томдық еңбегінің екінші томы «Рубғул-Адат», яғни адамдардың қарым-қатынасындағы күнделікті тұрмыс-тіршілікке қатысты он түрлі тақырыпты кеңінен қамтыған әдеп кітабы қазақ тіліне аударылды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Сауд Арабиясы Корольдігіне (САК) ресми сапармен барды.

Дін туралы заңға енгізілетін заңға енгізілетін өзгерістер туралы. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Дін туралы заңнамаға енгізілетін өзгерістер мен түзетулерге қатысты қазақстандықтарды мазалаған мәселелер туралы сұхбат берді.

Түркістан қаласында өтіп жатқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар Кеңесінің мүшелері мен Бас мүфти Серікбай қажы Ораз «Əл Сақр Финанс» АҚ исламдық қаржылық компаниясының жұмыс бағдарламасымен танысты.

Астанада мешіттері қатты аязға байланысты «Астана – мейрімді қала» акциясын бастады. Олар қала тұрғындарына тегін такси қызметін ұсынады.

Бүгін киелі Түркістанға «Ислам жəне ұлы дала өркениеті» атты конференцияға жиналған дін қайраткерлері Қожа Ахмет Яссауи кесенесін зиярат етті.

Қасиетті жұма күні Қарғалы ауылдық округінің Ақжар ауылында жаңа мешіт ашылды. Ақжарлық жамағаттың қолданысына берілген мешітке ҚМДБ төралқасының шешімімен «Әс-Сәлам» атауы берілді.