24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазіреттің бұйрығымен Заңқоев Қалижан Байырбекұлы Астанадағы «Әлжан ана» мешітінің Бас имамы қызметіне тағайындалды.

Бүгін Астана қаласында қала әкімі жыл сайынғы дәстүр бойынша дін қызметкерлерін марапаттап, арнайы Алғыс хаттар табыстады.

Атырауда «Құспан молла» мешітінің жаңартылған ғимараты салтанатты жағдайда пайдалануға берілді. Мешіттің ашылу салтанатына Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Хайролла Көшқалиев, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұров арнайы қатысты.

Астана қаласындағы Республикалық имамдар орталығында тренинг өткізілді. Тренингке еліміздің әр аймағынан келген 60 аудан имамы қатысты. Дәрісті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы, журналист Ағабек Қонарбайұлы жүргізді.

Қыстың сықырлаған аязында қайырымды жандар бір-біріне көмек беруде. Кезекті игі істердің бірін Ақтөбедегі «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешіт қызметкерлері ұйымдастырды.

Құрылғанына көп болмаған «Харекет» қайырымдылық қоры көп балалы отбасыға екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Қарапайым намазхан, діндар кісілердің мұрындық етуімен құрылған аталмыш қор «1000 теңгеге баспана» акциясымен Қарағанды облысы, Сатпаев қаласындағы көп балалы отбасына баспана сыйлады. Бұл туралы қордың әлеуметтік желі парақшасында хабарланды.

ҚМДБ Төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, «Əзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы «Əс-сəлам» мешітінің жамағатымен жүздесіп, Мəуліт дастарханына қатысты.

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бұйрығымен жақында ғана «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы болып тағайындалған Наурызбай қажы Тағанұлы мешіт ұжымымен танысып, құлшылық ордасының тыныс-тіршілігіне қанықты.

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев Наурызбай қажы Тағанұлының Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары және республикалық «Әзірет сұлтан» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалуымен құттықтап, арнайы хат тапсырды.

Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе медициналық колледж ұжымы қайырымдылық шараларын жиі өткізеді. Оқу орны мүгедек балалармен қатар, колледжде оқитын аз қамтылған отбасы балаларын қамқорлыққа алып отыр.

Фото: Akorda.kz

Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев бостандық алғанға дейінгі Қазақстан мен қазіргі Қазақстанды салыстырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.