«Қазақстан» ұлттық арнасының «Түнгі студия» бағдарламасына қонаққа келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастарға қазақтың атадан келе жатқан үлкенді сыйлау дәстүрі жайлы айтып, ғибратты әңгіме баян етті. Ананың ақ сүтін ақтау, әке-шешені сыйлау жайлы баса айтқан Елбасы бақыт туралы да өз ойымен бөлісіп, бата берді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басты бағыттарының бірі – түзеу мекемелеріндегі діни экстремизм бойынша сотталған азаматтармен жұмыс. Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі жоспар мен нақты міндеттерді жүктейді. Бүгін Астанада ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қатысуымен түзету мекемелеріндегі жұмыстың жылдық қорытындысына арналған жиын өтті.

Дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде жүргендерді оңалту маңызды міндет. Бұл туралы Астанада өткен  7-ші Азаматтық форумда ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Қуат Ерғалиұлы Павлодар облысының Ақсу қаласында өткен «Үйлену – сүннет, отбасын қорғау – міндет» атты аймақтық конференцияға қатысты.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, «Сарыағаш» медресесінің директоры, белгілі дінтанушы ғалым Сманов Әбсаттар Шәкірұлының қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына көңіл айтты.

Бүгін қазақ руханияты орны толмас қазаға душар болды. Тәуелсіз Қазақстанның дін саласында өзіндік орны, ғалымдық қолтаңбасы бар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Оңтүстік Қазақстан облысы «Сарыағаш» медресесінің директоры Абдусаттар Сманов өмірден өтті.

Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде тұңғыш рет «Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы» атты исламтанушы әйелдерге арналған конференция өтті, деп хабарлайды Muslim.kz.

Таяу уақытта Астана қаласында радикалды діни ағымға ерген азаматтарға, олардың туыстары мен жақындарына арналған оңалту орталығы ашылуы мүмкін. Қала мәслихатының кезекті сессия отырысында Астана әкімдігі Дін істері басқармасының басшысы Данияр Есін осылай деп мәлімдеді, деп жазады E-Islam.kz.