26
Жұма,
Сәуір

һижри

http://www.akorda.kz

Мұсылмандар арасындағы  бытыраңқылық пен конфессияға бөлінуді сыртқы күштер өз мүддесіне пайдалануда. Бұл туралы Астанада өткен Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Құрбан айттың екінші күні қыркүйек айының 02 жұлдызында «Төлебай» мешітінің Бас имамы Асхат Сапашұлы Салимовтың ұйымдастыруымен Интернациональный (Учхоз) ауылының №44 мектебінде «Аяулы алақан» қайырымдылық акциясы өтті.

Астанада, Бейбітшілік және келісім сарайында конфессияаралық конференция өткізді. Кнференция Ватиканнан келген құрметті қонақтың  бастамасымен «Ортақ үйге қамқорлық» деген атаумен, халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне Ватикан павильонында ұйымдастырылды. Іс-шарадағы кардинал Питер Кодво Аппиах Тарксон адамның жан-жақты дамуына ықпал ету мәселесін ұсынды.  Конференцияға қатысушылар діни конфессиялардың халықаралық және жергілікті өкілдері болды. Кездесуге Астана қаласы әкімдігінің Дін істер жөніндегі басқармасы, Дінаралық диалог пен Папа кеңесінің Қазақстандағы діни орталығы, сондай-ақ «Renovabis» неміс католиктік қайырымдылық ұйымы  қолдау көрсетті.

Бүгін Сарыарқа ауданы әкімдігінде «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда ардагерлердің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Оңтүстік Қазақстан облысының алпыс жастағы тұрғыны Тожали Акрамов қажылық сапарға кәдімгі велосипедпен аттанды деп хабарлайды жергілікті otyrar.kz сайты. Болашақ қажы алдымен велосипед арқылы Самарқанға, кейін Тәжікстанға жеткен.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен, еліміздің барлық өлкелерінде жыл сайын «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып келеді. Аталмыш игі шарадан Елорда мешіттері де тыс қалмады. Астана Өкілдігінің тапсырмасы аясында бас шаһардағы басты мешіттерде акция өз жалғасын табуда. Осындай қайырымдалық акциялардың бірі бүгін «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде де өткізілді.

Бүгін түнде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы елордадан қажылыққа аттанған 410 адамды Астана әуежайынан шығарып салды. Олардың ішінде астаналық азаматтармен қатар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары да бар.

Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы Агитаев Әділ Сахиұлының қатысуымен ҚР Қорғаныс Министрлігінің «Ақмола аудандық пайдалану бөлімі» РММ әскери қызметкерлерімен «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру механизмдері» атты тақырыпта кездесу өткізілді.

Жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясына атсалысатын дін қызметкерлері биылда әр өңірлерде ауқымды шаралар өткізуде. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Алматыда «Мектепке жол» акциясының ауқымында 1000 балаға мектепке қажетті оқу құрал- жабдықтарын табыстады.