22
Жексенбі, Қыркүйек

һижри

"Белгілі теолог, республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Ризабек Батталұлы Атырау өңіріне келіп, "Әт-Тақуа" мешітінде жамағатқа уағыз жүргізді" деп хабарлайды Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметінен.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жариялаған «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында 110 тонна азық-түлік, киім-кешек, көрпе-төсек, тұрмыстық заттар, т.б. жиналды.

XXI-ғасыр - ақпарат пен жаңа технологиялардың тасқындаған уақыты. Ал жаңа технологиялардың тілін меңгеру заман талабы. Сондай-ақ, «ақпарат ғасырында» бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі ерекше екені ақиқат. Өйткені, бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық санаға әсер етіп, қоғамның бір-бірімен байланысын арттырады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бүгін Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға материалдық көмек 20 тонна қайырымдылық жүгі артылған автокеруен жіберді. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Президенті Реджеп Ердоған Оңтүстік Қазақстан облысына келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Түркия Президенті Реджеп Ердоғанның мемлекеттік сапары барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия басшысы бастаған делегация киелі Түркістан шаһарының тарихи-мәдени орындарын аралады. Түркия делегаттары ең алдымен Қожа Ахмет Яссауи кешені, «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени мұражайында болып, тарихи мұралармен танысты.

Ақордада өткен Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысынан кейінгі бірлескен мәлімдемеде Түркия Президенті Тайып Ердоған қазақ халқын Қазақ хандығының 550 жылдығы мерейтойымен құттықтады.

"Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Қырғызстанда өтіп жатқан «Экстремизм және такфиризм – қоғамға төнген қауіп» атты халықаралық конференциясына қатысты" деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

«Бүгін Түркияның Дін істері басқармасының төрағасы Мехмет Гөрмез Астанадағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында болып, мүфтият қызметкерлерінің жұмысымен танысты» деп хабарлайды Muftyat.kz.