26
Жұма,
Сәуір

һижри

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Ислам және зайырлы қоғам» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысыИяд Маданимен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Діни басқарманың биылғы жылды «Дін және тарих тағылымы» жылы деп жариялауына орай дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Қазақстан халқының 70 %-ы ислам дінін ұстанады. Бұл шамамен 11 млн-нан астам тұрғын. Ел мұсылмандары үшін Қазақ топырағында әр уақытта көптеген мешіттер бой көтерді. Оның алғашқыларының бірі IX ғасырда Маңғышлақ жартыаралы жартасында тұрғызылған «Шақпақ ата» мешіті.

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Маңғыстау сапарында орталық коммуникациялар қызметінің аймақтың филиал алаңында брифинг өткізді, деп хабарлайды Маңғыстау орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Астана қаласы мешіттерінің жамағаты арасындағы

«Салауатты жамағат» атты ІІІ қалалық спорттық ойындар сайысының ЕРЕЖЕСІ

 

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласындағы өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешіті және «АқЖан» мәдени мұраны қолдау қоры» Қоғамдық қоры Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен қаладағы мешіттердің жамағаты арасында «САЛАУАТТЫ ЖАМАҒАТ» атты спорттық ойындар сайысын ұйымдастырады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Маңғыстау облысына іс сапармен келді, деп хабарлайды Маңғыстау орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Ертең Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде сағат 16.00-де  «Мәскеу ақша сарайының күміс маркаларындағы Мекке» атты көрме өтеді, деп хабарлайды Kazmuseum.kz.

Әлемдік банк пен халықаралық валюта қоры дәулетті елдер тізімін жасады. Бұл рейтингке халықтың сатып алу мүмкіншілігі, өмір сүру құны мен инфляция өлшемдері негізге алынды.