18
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Ел дамуында маңызды күн саналатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Мәслихат сайлауында алғашқылардың бірі болып ҚМДБ наиб мүфтиі, Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы өз таңдауын жасады.

Кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Алматы қаласында басталған ІІ республикалық медресеаралық олимпида өз мәресіне жетті. Сонымен, қазылар алқасының шешімімен, Елордамыздағы «Астана» медресесінің 3 курс шәкірті Қуаныш Серіков жүзден жүйрік атанып, бас жүлдегер атанды.

Қасиетті жұма күні ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Абдукаримов Бағдат Ахмадәлиұлы «Әл-Ғани» мешітінің Бас имамы болып тағайындалды.  Бұл жөнінде мешіт жамағатымен жүздескен "Нұр Астана" орталық мешітінің наиб имамы Нұрлан Рамазан арнайы таныстыра келе, осыған дейін "Әл-Ғани" мешітінің бас имамы қызметін абыроймен атқарған Нұрлан Бақбасаровтың мұнан былай Бас мүфти бұйрығымен Ақмола облысы, Көкшетау қаласындағы "Науан хазрет" атындағы орталық мешіттің наиб имамы қызметін атқаратындығын жеткізді.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Алматы қаласында «Нұр Мүбәрак» университетінде медресе шәкірттері арасында II республикалық олимпиада басталды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен 2016 жылы мамыр айының 7-8 күндері «Нұр-Мүбарак» университетінде тұңғыш рет қыздар арасында Құран жарысы өтеді.

ҚМДБ «Зекет» қорының Астана өкілдігі 6-наурыз күні «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында қайырымдылық-жәрмеңкесін өткізді. Бұл шараның басты мақсаты – қайырымдылықтан түскен қаражатпен ауыр науқасқа ұшыраған Ердос Ескендіровтың еміне қолдау көрсету.

Наурыз айының 5-күні ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Астана маңындағы «Қауам ад-Дин әл-Итқани әл-Фараби ат-Түркістани» республикалық қарилар даярлау орталығында болып, медресенің тыныс-тіршілігімен танысты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында кезекті екі айлық, яғни, қазан-желтоқсан айындағы оқу легін тәмамдаған имамдарға куәлік табысталды. Институт бағдарламасына сәйкес, имамдар «Халал-стандарт» курсын тыңдап, сертификаттарға ие болды.