10-11 наурыз күндері Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Діни білім және ғылым бөлімінің ұйымдастыруымен республика бойынша 9 медреседе білім алып жатқан шәкірттер арасында олимпиада өтеді.
ҚМДБ республикалық РАНТ конференциясын өткізеді
Астанада ақпан айының соңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобының «Ислам және зайырлы қоғам» атты конференциясы өтеді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.
Бас мүфти «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде уағыз айтты (ФОТО)
Қызылорда өңіріндегі сапары барысында ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қасиетті жұма күні «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде Сыр жамағатына уағыз айтты.
Сыр имамдарымен кездесті (ФОТО)
Сыр еліндегі сапарында ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы облыс, қала және аудан имамдарымен арнайы кездесу өткізді. Бұл туралы «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бас мүфти Қызылордаға келді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Қызылорда өңіріне іс-сапармен келді, деп хабарлайды «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің баспасөз қызметі.
Ұлт жоспарына арналған семинар басталды (ФОТО)
Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту: «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру міндеттері мен технологиялары» тақырыбында республикалық семинар-тренинг басталды.
2016 жыл – «Дін және тарих тағылымы жылы»
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өз қызметі аясында имам-молдалар мен жалпы дін қызметкерлері үшін 2016 жылды «Дін және тарих тағылымы» деп жариялады. Бұл туралы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Астанада өткен жиналыста мәлімдеді, деп жазады Muftyat.kz.
Бас мүфти Астана имамдарын марапаттады (ФОТО)
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы елорда имамдарын қабылдады, деп хабарлайды Muftyat.kz.
Бас мүфти жыл жоспарын бекітті (ФОТО)
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлының қатысуымен өткен жиында мүфтияттың 2016 жылғы жұмыс жоспары бекітілді. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.
«Халал» сертификатын табыстады
Кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Халал стандарты бойынша Астана қаласындағы өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Асхат Сәлимов «Нұр ана – үй тағамы» ЖШС мекемесінің директоры Дагделен Абдуррахманды қабылдап, аталмыш салада жұмыс жүргізіп жатқан «Диван» мейрамханасының қызметімен танысты.
Бас мүфти мемлекет қайраткері Мырзатай Жолдасбековпен кездесті
Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымның докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековпен кездесті. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.