Бүгін Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бірлесіп, «Зайырлы мемлекет және дін қатынастары дәстүрлі рухани құндылықтар аясында» атты оқыту семинарын бастады. Еліміздегі мұсылман әйелдері ұйымдарының, жоғарғы оқу орындары жанынан құрылған «Қыз Жібек» клубтарының жетекшілері мен мүшелері, ҚМДБ құрамындағы діни сауат ашу курстарының және діни білім беру мекемелерінің оқытушыларықатысқан шара ертеңге дейін жалғаспақ.
«Әл-Фаттах» мешіті ашылды (ФОТО)
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласында «Әл-Фаттах» атындағы зәулім мешіт ашылды. Бұл туралы ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алты балалы ана Елбасыға алғыс айтып, хат жолдады (ФОТО)
Жиырма бес жасында алты баланы дүниеге әкеліп, көпбалалы ана атанған астаналық Айгүл Пірманова баспанаға қол жеткізіп, Елбасына шексіз алғысын білдіріп хат жолдады. Бұл жайында Ақорданың «Facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшасы жария етті.
Елбасы есімі жайлы білгіңіз келсе... (ВИДЕО)
Бүгінгі әлемдік қауымдастық алдында тәуелсіз Қазақстан Республикасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен қатар аталады.
Қазақстанда сукук құнды қағазы айналымға шығады
Қазақстан заңнамасына ел тарихында тұңғыш рет мемлекеттік сукук эмиссиясын қамтамасыз ету бойынша түзетулер енгізілді. Өзгерістер сондай-ақ ислам қаржы нарығына дәстүрлі банктерді бейімдеу мәселелеріне де қатысты болып отыр.
Діни экстремизм бойынша білікті мамандар тапшы
Қазақстанда діни экстремизм айыбы бойынша қылмыс істер көрсеткіші өскен. Құқыққорғау органы өкілдері тергеу жұмыстарын жеткілікті түрде жүргізуге дін саласындағы экстремизм мәселесімен айналысатын мамандар тапшылығы кедергі келтіріп отыр, деп хабарлайды Radiotochka.kz.
Жас жұбайлар жетімдер үйінде той өткізуінің себебін түсіндірді (ФОТО)
Жуырда Шымкенттік жас жұбайлар үйлену тойы алдындағы қыдыру жоралғысын жетімдер үйінде өткізгенін бірқатар БАҚ беттерінде жарыса жазылған еді. КТК телеарнасы жаңа отау көтерген жұптың той қызығын не себепті Балалар үйінде өткізгендерін өз ауыздарынан білді.
Арағы жоқ ауыл бар
Арақсыз ауыл! Иә, Солтүстік Қазақстан облысы Теңдік елді мекенінің тұрғындары 12 жылдан бері ішімдік ішіп көрмепті. Той-томалақтары қымызбен өтетін ауыл туралы жағымды жаңалықты КТК телеарнасы жеткізді.
Бурсада білім шыңдап қайтты (ФОТО)
Бүгін Түркия республикасы Бурса қаласындағы Имамдардың білімін жетілдіру орталығында білім алған Қазақстан имамдары елге оралды.
Елбасы Жолдауы жаһандық қатерге жоспар құруды ұсынады
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік сарайында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Бас мүфти қоғам қайраткері Бейбіт Төлеубайұлын қабылдады (ФОТО)
Бүгін Алматыда ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы белгілі жазушы, дінтанушы, қоғам қайраткері Бейбіт Сапарәлімен кездесті, деп хабарлайды Muftyat.kz.