19
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Имамдар әйгілі «Әл-Азһар» университетінде білімдерін шыңдауда

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен  Мысыр Араб Республикасының «Әл-Азһар» университеті арасындағы мәдени ынтымақтастық келісіміне сәйкес бір топ имамдарымыз көне Каир қаласына келді.

«ФИРДАУС» СӘН ҮЙІ СПОРТТЫҚ ХИДЖАБ ҮЛГІСІН ШЫҒАРДЫ (ФОТО)

Шешенстан басшысының қызы Айшат Қадырова басқаратын «Фирдаус» сән үйі мұсылмандар қыз-келіншектерге арналған спорттық үлгідегі хиджаб үлгісін шығарып отыр.

Мұсылман елі аумағының 97 пайызы құрғақшылыққа бейім

Иранның дағдарыс жағдайын басқару, метеорология және құрғақшылықпен күрес жөніндегі ұлттық орталық жетекшісі Шаһрук Фатық аталған ел аумағының 97 пайызының құрғақшылыққа бейім екенін мәлімдеді.

Нигерияда ата-аналарға балаларын мектепке әкелуі үшін ақы төленуде

ЮНИСЕФ бағдарламасын сәтті жүзеге асыру үшін Нигерия билігі балалы отбасыларға қыздарын мектепке оқуға жіберсін деп жылына 41 доллар  ақы төлеуде.

«әл-Азһар» университеті христиандарға да білім беретін болды

Мысырдағы әлемге әйгілі «әл-Азһар» ислами білім беретін жоғарғы оқу орны ел билігінің осы заманғы демократиялық қоғам құру туралы бастамасына қолдау білдіріп отыр.

Өзбекстанда «халал» стандарты ресми түрде бекітілді. Бұл жайында аталған елдің «Өзстандарт» метролгия, стандарттау және сертификаттау агенттігі мәлім етті.

Өзбекстан билігі қажылыққа бару кезегіне қатысты ережені бекітті. Аталмыш ел үкіметінің тиісті қаулысы республиканың ұлттық заңнама базасының сайтында жарияланды. Бұл жайында Sputnik-tj.com ақпарат көзі хабар таратты.

Өткен аптада Дубай қаласының Бірінші инстациядағы соты 34 жастағы Үндістан елінің азаматын түрмеге отырғызу туралы үкім шығарды. Фейсбук желісіндегі парақшасында ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) жасалған карикатуралық суретті бөліскені үшін енді ол үш ай мерзімінде абақтыда отыратын болады.

Бұхари атындағы Ташкент ислам институтының студенті Фатулло Дадаев Құранның барлық аятын бар-жоғы екі айға жетер-жетпес уақытта жаттап шыққан.

Махачкала қаласындағы №101 маршруттық таксидің егде жүргізушісі тұрғындар арасында қайырымдылығымен танымал. Әр жұма сайын жолаушыларды тегін тасымалдауды ол жақсы әдетке айналдырған. Енді қарт кісінің Меккеде қажылық өтеу арманы орындалмақ.