22
Жұма,
Қараша

һижри

Кейбір азық-түліктердің организмдегі теріні қалпына келтіріп, жаңартып отыратын процестерді бұзатыны анықталды. Мамандар адам ағзасындағы жасушалардың жаңаруына кедергі жасап, ерте қартаюға себеп болатын азық-түліктің үш түрін атады.

Индонезияда Оранг Римба – «құрайт адамдары» деп аталатын тайпа өмір сүреді. Пұтқа табынатын әрі көшіп жүретін өмір салтымен индонезия мұсылмандарынан қатты ерекшеленетін бұл тайпа өмірін жақсарту үшін жаппай Исламды қабылдауда.

Меккедегі әл-Харам мешітінде Зәм-зәм құдығын қайта құрып жатыр. Осы себепті қасиетті Қағба территориясында жүріп-тұру шектелген, деп хабарлайды Ислам.ру.

Саудиялық компаниялар ұсынатын қызмет бағаларының жоғарылауына байланысты 2018 жылы Қажылық жолдамасының құны қымбаттайды, деп хабарлайды kazislam.kz.

Токиодағы Piala Inc. маркетингтік компаниясы темекі шекпейтін қызметкерлерге қосымша демалыс күнін береді. Өйткені темекі шекпейтін қызметкерлер күні бойы 15 минуттық үзіліске шықпайды. Осылайша компания басшысы темекі шегетін адамдар бұл зиянды әрекеттен бас тартатынына сенім білдірген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.

Сирия жөніндегі Астана процесінің 7-раунды Иранның, Ресейдің және Түркияның ортақ мәлімдемесімен аяқталды. Кепілгер елдердің атынан сириялық жанжалды кешенді реттеу мәселелері көрсетілген қорытынды құжатты Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ұсынды.

Сауд Арабиясы радикализмнің алдын алу үшін саяси қайта құрылымдау реформасын қолға алады. Мұрагер ханзада әрі елдің қорғаныс министрі, вице-премьер Мұхаммед бин Салманның өзі дәстүрлі Исламға оралатындарын жария етті.

«Билл Гейтс және Милинда Гейтстер қоры» АҚШ-тың мемлекеттік мектептеріне 1,7 млрд доллар қаржы бөлді деп жазады Washington Post. 

Стамбулдағы балаларды таң намазын тұрақты түрде жамағатпен оқуға ынталандыруда. Қырық күн бойы таң намазын қалдырмай, мешітке келіп оқыған әр балаға ынтасы үшін велосипед тарту етілді. Балалар сыйлықтарын Стамбулдың Фатих ауданындағы «Селим Сұлтан» мешітінде алды. Құлшыныстарын арттыру үшін көптеген балаларды намазға аналары ертіп апарып отырған. Марапаттау күні мешіттің ауласы жаңа велосипедтерге және мерекелік көңіл-күйге толы болды. Бұл шараның мақсаты – балаларды таң намазын күн сайын жамағатпен бірге оқуға үйрету, өйткені, ол үшін көп сауап уәде етілген.

Ресей Федерациясына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев РФ Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Гайнутдинмен кездесті.