22
Жұма,
Қараша

һижри

Жұма күні Құран оқудың үкімі

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Жұма хұтбасынан бұрын Құран оқудың үкімі: 

Жауап: Жалпы Құран кәрім оқу сауапты іс. Оны тыңдауға жиналуда сауапты іс. Сүннеттен дәлелдері бар істер. Шариғат әрдайым құран оқуға, құран тыңдауға үндеген.

Ал жұма намазының хұтбасынан алдын жамағат алдына шығып имамның немесе үнтаспадан құран оқу шариғат дұрыс көрген істердің санатына жатады. Бұл істің шариғатқа қайшы тұсы жоқ.

Пайғамбардан (мынандай хадис бар:

" الَّذِي يَقْرَأُ الْقُرْآنَ وَهُوَ مَاهِرٌ بِهِ مَعَ السَّفَرَةِ الْكِرَامِ الْبَرَرَةِ ، وَالَّذِي يَقْرَأُهُ وَيَشْتَدُّ عَلَيْهِ لَهُ أَجْرَانِ "

«Құран кәрімді шебер оқыған кісі, пәк ардақты періштелермен бірге болады, ал құранды қиналып оқыған кісіге екі сауап бар»[1].

Сонымен қатар Құран Кәрімді тыңдау шариғи тұрғыдан әмір болып табылады.  Алла Тағала былай дейді:

 وَإِذَا قُرِئَ الْقُرْآنُ فَاسْتَمِعُوا لَهُ وَأَنصِتُوا لَعَلَّكُمْ تُرْحَمُونَ

«Қашан Құран оқылса, оған құлақ салып тыңдаңдар да үндемеңдер. Әрине мәрхаметке бөленесіңдер»[2]. 

Шариғи тұрғыдан құран кәрім оқудың белгілі бір уақыты жоқ, мекені де жоқ. Шарты, үлкен және кіші хадастан таза болу және таза жерде оқу. Сол себебті жұма намазынан бұрын Құран оқылуы шариғатта қайшылығы жоқ.


[1] Хадисті имам Бұхари мен имам Мүслім (رحمهما الله ) риуаят еткен.
[2] «Ағраф» сүресі, 204 аят. 

 

 

Fatua.kz

Бөлісу: