21
Сенбі,
Наурыз

һижри

Қандай жағдайларда «ораза кәффәраты» қажет?

Әлдекімнің әдейі бұзған оразасы үшін: бір құл азат етуі тиіс, ол болмаса 60 күн үзбей ораза ұстайды (кәфәрат қазасы), оған шамасы жетпесе 60 пақырды тойдырады[1]. Мұны шариғатта «ораза кәфәраты» дейді.

Рамазанның соңғы 10 күнін қалай өткізу керек?

Бұл он күн – өзіңе есеп беретін, болашағыңа жоспар құратын мүмкіндік. Өткен-кеткен қателіктер көз алдыңнан өткенде Алладан кешірім тілейсің, жоспарыңды Аллаға айтып, көмек сұрайсың.

Рамазанның екінші он күндігі: Алланың кешірімі еселенеді

«Рамазан айының алғашқы он күні – мейірім болса, екінші он күні – кешірім,  ал соңғы он күні – құтылу күндері» делінген хадистерде. Баршамыз Жаратқанның кешіріміне мұқтажбыз, себебі бұрын-соңды қателеспеген, жаңылыспаған адам болмайды.

«Екі жаман нәрсе оразаны бұзады: ғайбат пен өтірік сөз»

Көзді ашып-жұмғанша он екі айдың сұлтаны болған, адамдарды тура жолға бастаушы, хақ пен батылды ажыратушы Алланың соңғы кітабы Құран Кәрім түсірілген, ораза ұстау мұсылмандарға парыз етілген Рамазан айының бірнеше күні өте шықты. Ораза сөзі араб тілінде «саум» деп аталады. «Саум» сөзінің тілдік мағынасы барлық нәрседен тыйылу болса, шариғаттағы мағынасы Алла разылығы үшін таң атқаннан күн батқанға дейін шынайы ниет ете отырып, тамақ жеуден, сусын ішуден және жыныстық қатынастан тыйылу дегенді білдіреді.

Рамазан айындағы кешірім сұраудың уақыты

Рамазан айы – Алла Тағаланың құлдарына кешірімін, мейірімін және де сый-сияпатын молынан жаудырған ай. Көзімізді ашып-жұмғанша бұл берекелі айдың ортанғы он күніне де аяқ басып үлгердік.