Қасиетті Рамазан – пендені рухани тазартып, Жаратушыға жақындататын тәрбие мектебі. Шынайы ораза – бүкіл дене мүшелерімен жасалатын, нәпсіні тізгіндеп, рухты азықтандыратын ұлы құлшылық. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ескерткендей, құр аш жүрумен шектелмей, оразамыз кемел әрі қабыл болуы үшін мына маңызды амалға назар аударуымыз қажет.
Оразаның кәффараты деген не?
Шариғат саласында «кәффарат» сөзі негізінен «төлем», «өтем» мағыналарында пайдаланылады. Әлсіздігі немесе ауруы себебінен алпыс күн бойы ауыз бекітуге шамасы жетпеген адам алпыс міскінді тамақтандырады.
Сәресі уақытында қандай берекеттер бар?
Қасиетті Рамазан айының бір берекеті – сәресі ас ішуде. Тілімізге еніп кеткен сәресі сөзі араб тілінде «сухур» деп аталады. Ол түннің үшінші бөлігі. Бұл кездегі уақыттың өзінде үлкен мән жатыр. Өйткені дұғалар қабыл болып, Алла Тағаланың ерекше кешірімі түсетін мезгіл. Сәресі уақытында қандай берекеттер бар?
Рамазанның әр күні үшін жеке-жеке ниет ету шарт
Фиқһ ғалымдарының көпшілігінің көзқарасы бойынша, рамазанның әр күні үшін жеке-жеке ниет ету шарт. Өйткені әр күннің өзі жеке басына бір ғибадат болғандықтан басқа күндердегі ұсталған немесе ұсталатын оразамен байланысы жоқ. Сондықтан бір күнгі ораза бұзылса, ол басқа күндердегі оразаға әсер етпейді.
Ауызашар уақытында Алладан көбірек тілек тілеудің маңызы
Ауызашар уақытында жасалған дұға Алла құзырында міндетті түрде қабыл болатындықтан адамның Жаратқанға жалбарынып көптеп дұға қылуы мұстахаб амал.
Рамазан айында той жасап, неке қиюға бола ма?
Рамазан айында ораза тұту денсаулығы жарайтын, кәмелетке толған, ақыл-есi дұрыс әр мұсылманға парыз болып табылады.
Ораза ұстағандарға мына нәрселерді жасау – мұстахап
Бір жұтым су да болса сәресіде тұрып, ішіп-жеу. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл тұрғыда: «Сәресіге тұрыңдар. Өйткені, сәренің тамағында берекет бар» (Бухари, Саум, 20).
Рамазан айындағы иғтикаф мәселесі
Араб тілінде иғтиқаф – бір жерде тұру, күту, өзін бір жерге қамау деген мағынаны білдіреді. Фиқһ терминінде азан шақырылып, қамат түсірілетін мешітте иғтиқафқа ниет етіп, белгілі бір мезгіл сол жерде қалуды білдіреді.
Оразаның физикалық және әлеуметтік пайдалары
Ораза — денсаулықты нығайтып, ас қорыту жүйесін демалдыратын (физикалық) және қоғамдағы бауырмалдықты арттырып, аш адамдардың жағдайын түсінуге (әлеуметтік) баулитын ұлық ғибадат. Ол нәпсіні тыйып, сабыр мен төзімділікке тәрбиелейді, адамның рухани және тәндік тазаруына септігін тигізеді.
Рамазан айында қандай дұғалар оқу керек?
Рамазан – дұғалар қабыл болатын ай. Дұға қабыл болатын бұл күндері әрбір мұсылман көп дұға етуі керек. Әсіресе ауызашар уақыты – дұға қабыл болатын сәт. Сол үшін ауыз ашқанда дұға жасау – мұстахаб.
Алла Тағала қандай оразаны қажет етпейді?
Алла елшісі (с.ғ.с) айтады: «Хақ Тағала жалған сөйлеген және жалғандықтан тыйылмаған пенденің ішпей-жемей жүргенін қажет етпейді». (Әбу Мусадан (р.а) Имам Бухари риуаят етті).