21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Хазреті Әбу Бәкір (р.ғ.) сауда сапарымен Йеменде жүргенде, Мекке халқы Мұхаммедке (с.ғ.с.) пайғамбарлықтың келгендігі туралы хабарды естіп, толқу үстінде болатын. Әбу Бәкірдің Йемен сапарынан жаңа келген беті болатын. Әбу Жәһил бастап, Уқба ибн Әби Муайт қостап құрайыштың құзырлы қариялары оған сәлем бермекке келеді. Амандық-саулықтан соң Хазіреті Әбу Бәкір: “Мен жоқта нендей оқиғалар болды? Ел аман, жұрт тыныш па? Айта отырыңдар”, – деді.

Хазіреті Әбу Бәкір (р.ғ.) мұсылман болудан бұрын да өз заманының ең ауқаттылары қатарынан болатын. Тарихшылардың мәліметіне сүйенсек, мұсылман болған кезде 40 000 дирхамға иелік еткен. Дегенмен, Әбу Бәкір (р.ғ.) байлыққа мастанып, ешқашан асқақтамаған ардақты жан.

Хазірет Әбу Бәкір әлемге Ислам шуағы төгілмей тұрып та сол қараңғылық дәуірдің өзінде жан дүниесі нұрға толы еді. Ешқашан жансыз, қимылсыз, ақылсыз, өзге түгіл өзіне де пайдасы не зияны жоқ дәрменсіз, мешеу пұттарға бас иіп табынбаған. Ішімдік пен құмар сияқты жәһилия дәуірінің әдеттеріне мойын бұрмаған, туа біткен асыл рухты болатын.

Һижри 12 жылы муртадтардың көзі жойылғанан соң мұсылмандар мемлекеті кеңею дәуірі басталды.

Жалпы, ӘбуБәкрдің р.л.ғ. халифалық дәуіріндегі әскери жетістіктерді екі кезеңге бөлсе болады:

1. Мұсылмандар Иракты иеленуі;

2. Шамды иеленуі.

Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) көзі тірісінде-ақ Хижәз (Аравия түбегі) пұтқатабынушылықтан тазартылған болатын. Тіпті, пұтқа табынғандар болса да, олардың саны тым болмашы еді.