“Ертең байрақты Алла және Расулы жақсы көрген, ол да Алла мен елшісін жақсы көретін араларыңдағы біреуге беремін. Алла оның көмегімен жеңіске жеткізеді”. (Хадис)
Осман Зун-нурәйн (р.а)
«Әркімнің Жәннатта бір досы бар. Менің Жәннаттағы досым – Осман». (Хадис)
Омар әл-Фаруқ (р.а)
“Менен кейін пайғамбар келер болса, ол Хаттабұлы Омар болар еді”. (Хадис)
Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) – мұсылмандардың әуелгі халифасы
Пайғамбарымыз Жаратушысына жанын тәсілім еткен кезде, Әбу Бәкір басқа жерде болатын. Халық қара жамылып, аза тұтып жатты.
Ардақты елшінің (с.ғ.с) әз серігі – Әбу Бәкір Сыддық (р.а.)
“Исламға шақырған кезімде, Әбу Бәкірден басқада алғашқыда сәл іркіліс пен күдіктену болды. Бірақ Әбу Бәкірге Исламды түсіндіргенімде, еш күдіктенбестен, кідірместен иман келтірді” (Хадис).
Сахабалар жайлы хадистер мен олардың тарихтағы орны
Ислам дінін жаю үшін машақатқа толы қиын жолда өзіне серік болып, бүкіл тауқыметті арқалаған саңлақ сахабалар жайлы пайғамбарымыз хазірет Мұхаммедтің (с.а.с.) хадистері көп.
Мүмін әйелдерге үлгі Хазірет Хадиша (р.а) жайлы 20 дерек
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүйікті жары, мүміндердің анасы, тұңғыш мұсылман хазірет Хадишаның (радиаллаһу анһа) екі дүниеде де алар орны ерекше. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) алғашқы жары Хадишаны өмір бойы аузынан тастамай, оның артықшылықтарын әңгімелеуден жалықпайтын. Пайғамбарымыздың құрметі мен махаббатына бөленген, жұмақпен сүйіншіленген Хадиша анамыздың өмірі кез келген мұсылман қыз-келіншекке үлгі болары сөзсіз. Ендеше, Исламды қабылдаған мұсылмандардың бірінші легін бастап тұрған ең абзал әйел хазірет Хадиша жайлы 20 деректі ұсынамыз.
‘Амир ибн Абдулла ибн Абдуқайс (р.а.)
Осман (р.а) халифа болып тұрғанында Басра қаласына Абу Муса әл-Ашғариді (р.а) әкім етіп жіберді. Ол ұлы сахаба (р.а) осы қалада ислам тарихында аты өшпес тұлғаларды тәрбиелеп шығарды.. Бұл тұлғалардың ішіндегі ең әйгілісі– Ъамир ибн Абдулла ибн Абдуқайс Басри. Ол Басрадан ұзақта өмір сүретін Абдуқайс тайпасында дүниеге келген табиғин. кейін Абу Муса (р.а) кетіп, орнына келген Басраның жаңа әкімімен келісе алмай, артынша Басрадан қуғындалды. Ет жеу мен үйленуден бас тартыпты, имамдарға қарсы шығыпты, жұма намазына бармайды екен деген жалалар жабылды. Шам қаласына қудаланған тұсында ондағы Муғауия (р.а) оның бұл жалалардан пәк екенін анықтап, бұл жәйттан Басра әкіміне хабар береді. Алайда Ъамир Басраға екінші рет қайта оралудан бас тартады.
Уайыс әл - Қарани -табиғиндердің ең жақсысы.
Уайыс ибн Амр әл - Қарани (597 - 657) Йемендік мұсылман, шәһид және табиғин. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) кезінде өмір сүрсе де, бірде - бір мәрте Расулланы (с.ғ.с) көрмеген. Сәби жасында әкесінен ерте айырылған.Өмір бақи анасына қызмет етумен болған. Хазреті Али ибн Әбуталибпен (р.а) танысқан соң Куфаға көшіп кеткен. Тарихшы Ибн Баттута әл - Қарани Сыффин соғысында шәһид болды деп жазады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с):
Сахабалардың жалпы саны
Пайғамбарымыз көз жұмған уақыттағы сахабалардың жалпы саны жайлы мәлімет жоқ десек те, Ислам тарихына байланысты жазылған классикалық кейбір еңбектерде жүз мың сахабаның болғандығы айтылған.
Періштелерді ұялтқан сахаба
«Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Айша анамыздың р.л.ғ. шапанына оранып төсекте жамбастап жатқан уақытта Әбу Бәкр (р.а.) кiруге рұқсат сұрады. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оған рұқсат етiп, орынынан қозғалмай жата бердi. Әбу Бәкр (р.а) келген мәселесiн шешiп шығып кеттi. Кейiн Омар р.л.ғ. келiп кiруге рұқсат сұрады. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оған р.л.ғ. да рұқсат етiп орнынан қозғалмады. Омар (р.а.) iсiн бiтiрiп шығып кеттi.