07
Жексенбі,
Маусым

һижри

Байқап қарасаңыз кеш батып, қою қараңғылық түсе аспан әлемі бір әсемдік күй кешеді. Жымыңдаған әрбір жұлдыздар аспанның сәнін келтіріп, жер бетіне жарқырап сәулесін төгеді. Әрине, аспанға қарап, Жаратушы қойып берген бір жүйелілікті анық аңғаруға болады. Тіпті сол миллиондаған, миллиардтаған жұлдыздардың ішінен жерге қарай құлдырай түскен жұлдыздарды байқамау тағы мүмкін емес.

Ислам діні - ғылым-білім діні. Ислам ғұламалары ғылымды діни дүние деп бөлмейді.Ислам діні пайда болғалы мұсылмандарды ғылым-білімге шақырумен келеді. Сондықтан, Қасиетті Құранның 719 жерінде ғылым, білім туралы бекер айтылмаса керек.

Дін ұғымы задында ілім мен білімнен, оқу мен тоқудан тұрады. Күллі әлем мұсылмандары қасиет тұтатын Құранның алғашқы аяттары да «Оқы, Жаратқан Раббыңның атымен оқы» деп басталады. Біздің ата дінімізге айналған тынысы мен өрісі кең, бейбітшілік пен мейірім тұнған ислам адамзатты тек өркениетті, рухани кемел болуға ғана жетелейді. Қарт тарихтың өзі куә, қазақ халқының басынан өткен соқпақты жолы, руханиятының күйзеліске тірелген кезеңдері аз болмады. Кеңес тұсында халықтың өз мәдениетін, діни әдет-ғұрып, салт-дәстүрін атқаруына кедергілер көп болды. Адам болмысын материалдық мүмкіндіктер шеңберінде ұстаған идеология бүтін бір халықтардың рухани құндылықтарын төмендетті. Дегенмен, Аллаға мың сан шүкірлік, тәуелсіздігіміз қайта оралып, бүгінде етек-жеңіміз бүтінделіп, ата дініміз бен баба салтын қайта жаңғыртып, дәстүрлі арнамызға ойыса бастадық.

Біз, жалпы, діннен де, тілден де айырыла жаздаған елміз. Кеңес Одағы кезінде тікелей орыстандыру саясаты жүргізілді. Қазақтың тілі бір шоғыр қазақтардың тілі болып қалды. Ол қайда шығады? Кімге керек болады? Қазақтың шекарасынан асып шықсаң, бұл тілдің керегі бар ма, жоқ па? Бір жағынан алып қарағанда оның жөні бар.

Сəлəф ағымы қауіпті, қауіпсіз жəне бейтарап болып үш топқа бөлінеді дейді. Яғни Мадхалиттер, Сурариттер, Тəкфириттер болып бөлінеді екен. Осылардың аражігін анықтап тарқатып айтып беріңізші? Оларды бір-бірінен қалай ажыратуға болады? Қандай ерекше белгілері бар?

Үстіміздегі жылдың ақпан айында елімізде үлкен бас қосуда өте маңызды құжаттардың бірі – «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы» қабылданған болатын. Жалпы тұғырнаманың көздеген мақсаты – Қазақстан қоғамында қазіргі таңда барша адамзат үшін аса өзекті болып отырған ең негізгі мәселелердің бірі діни бірлік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан қабылданған 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасын ел мұсылмандары қызу қолдау үстінде. Расында, аталған құжат діни білімнің дамуына оң ықпал ететіні сөзсіз. Тұжырымдама қабылданған жиынның басы-қасында болып, өзекті ойларымен бөліскен Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Айнұр Әбдірәсілқызымен біз де сұхбаттасқан едік...

Осы аптада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2020 жылға дейінгі діни білім беруді дамыту тұжырымдамасы жарияланды. Қазіргі діни ахуалды саралай келе қабылданған аталмыш құжатта сауат ашу, діни білім беретін жоғары оқу орындары, имамдардың біліктілігін арттыру секілді өзекті мəселелер кеңінен қамтылған. Жалпы, тұжырымдаманың қоғамда алар орны қандай? Осы жəне басқа да сауалдар туралы отандық теологтардың ойын білейік.

Қази Шурайх

Мұсылмандар әміршісі Омар ибн Хаттаб (р.а.) дала арабтарының бірінен ат сатып алды. Халифа аттың құнын төлеп, ет-тоқымына жақсылап жайғасып жүріп кетті. Алайда, көп жүрмей-ақ, ат шаба аламай ақсаңдап қалды. Омар (р.а.) лезде атты сатқан арабты тауып алып:

Әлем тарихында небір тұлғалар өмірден өтті. Олардың кейбіреуі өз заманында бірі билікке мастанып, енді бірі ғылымға беріліп, дінді мойындамаған.  Ғалымдар тобы зерттеу жүргізді.

Ислам – дүние мен ақыреттің шылбырын тең ұстаған иләһи дін. Сондықтан да оның әкелген құндылықтары осы дүние мен қатар ақырет игілігін де ерекше назарда ұстайды. Ислам діні осы дүниені ақыреттің егін алқабы ретінде қарастырып, соған сай әрекет етіп, тек қана жақсылық жасауға, күнәлі істерден бойды аулақ ұстап, ақырет азығын жинауға шақырады.