26
Жұма,
Сәуір

һижри

Ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ең соңғы өсиеттерінің бірінде: «Расында, сендердің өмірлерің, мал-дүниелерің және ар-намыстарың бір-біріңе осы қасиетті қала Мекке, осы қасиетті қажылық айы, осы қасиетті күн арафа күні сияқты қасиетті. Оған қол сұғуға тыйым етіледі», (Бұхари, Муслим) деп, ислам дініндегі құндылықтардың бірін ескертті.

Хақтан келген нығметті бағалау

Жаратушы Иеміз біздерге сансыз нығметтер мен жақсылықтарды нәсіп етті. Кез келген өзімізге берілген нығмет Хақ Тағаладан екені ақиқат. 

Қасиетті Құран Кәрімнің "Нахл" сүресінің 53-аятында: 

وَمَابِكُمْ مِنْ نِعْمَةٍ فَمِنَ اللَّهِ 

Рамазан айына санаулы ғана күндер қалды. Ғалымдар былай дейді: «Ережеп айы егін егетін уақыт, шағбан айы егінді суғаратын, ал рамазан айы егінді жинайтын уақыт».

Асыл дініміз ислам адамзат игілігі үшін жаралған. Сол себепті дінімізді дəстүрімізбен бірге, ел руханиятымен тұтас қарастырамыз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы əр жыл сайын руханиятымыздың дамуына басымдық беріп келеді. Осының айғағы ретінде ұлттық дүниетаным мен ислам қағидаттарының үйлесімділігін паш ету үшін екі жыл қатарынан «Дін мен дəстүр жылы» деп аталды. Игі дəстүрді биыл да жалғас тырып, 2016 жылды «Дін жəне тарих тағылымы» жылы деп жарияладық.

Кез келген елдің тілегі де, арманы да халқының бейбітшілігі мен бірлігін сақтау екені сөзсіз. Өйткені, бейбіт өмір – бақыт, береке, бірлік әкелумен қатар болашаққа өрлеу мен өркендеуге жол ашады. Дана халқымыз «Байлық байлық емес, бірлік – байлық» деп бекер айтпаса керек.

Диірменнің тасындай шыр айналған дүниеде отырмыз. Барлық нәрсе өзгеруде. Дүниемен бір адамдардың көзқарасы мен танымы да, қазынасы мен құндылықтары да, ой-сана, пікірлері де өте қатты жылдамдықпен өзгеріп, ауысып жатқанын көзіміз көріп отыр. Бұрынғы байлық қазір байлық емес. Бұрын ұят болған нәрсе қазір ұят емес. Ата-бабасы намыс санағанды ұрпағы намыс санамайды. Бұрынғылар қорыққан нәрседен қазіргілер шошынбайды. Керісінше, кезінде батыр бабалар шыбын шаққандай көрмеген нәрселерден бүгінгі жасық балалар зәре-құты қалмай үркиді. Мысалы, бұрын біреудің шаңырағы шайқалса, отбасы ойран болса, сүйекке түскен таңбадай көрінетін.

Дәстүр – қалыптасқан қағида, заңдылық дегенге саяды. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана бір-біріне жақын ұғымдар. «Әл-Ғурф» сөзінің шариғаттағы терминдік анықтамасы мынадай: «Ол ақыл-ойдың, логиканың құптауымен көңілдерге орныққан, адам табиғаты қабыл алатын нәрселер» [1]

Меккенің ежелгі мекендеушілері

Мекке – Араб түбегінің батысындағы Хижаз аймағында орналасқан шахар. Хижаз сөзі араб тілінде «бөлуші» деген мағынаны білдіреді. Бұл атау Хижаз жеріне шығысындағы Нежран аймағы мен батысындағы Тихама1 жазығын бөліп тұрғаны үшін берілген. Жалпы, Меккенің негізін қалаушы және Қағбаның алғаш салушысы Адам ата болып саналады.

Құдіреті күшті Тәңіріміздің әлем жаратылғалы болмаған, еш қайталанбас ерекше оқиғасы – миғраж. Бұл оқиға ақылмен ойлаған адамның санасына сыймайтын сенгісіз, тек иман тұрғысынан қараған пендеге қияметке дейін жалғасатын таңғаларлық ұлы мұғжиза. Миғраж оқиғасы көптеген мұсылмандардың иман дәрежесін ең жоғарғы деңгейге көтерететін үлкен сабақ болса, ал кейбіреулеріне үлкен сынақ болды.

Соңғы жүз жылдықта мұсылман әлемінде ұлт пен діннің қайсысын жоғары қою керек деген мәселе ортаға шықты. Бұл шетін мәселені кім ұйымдастырса да асқан қулықпен ортаға қойғаны айтпаса да түсінікті. Себебі, осы нәзік мәселенің әсерінен айрандай ұйып отырған тұтас мұсылман үмбеті жік-жікке бөлініп, тілім-тілім болып ыдырады. Сыртқы күштер ұлтшылдықты қоздырумен мұсылман қауымының басына қара түнек орнатты. Сонымен, Құран мен хадиске һәм тарихқа жүгініп, ұлт пен дін тақырыбын тарқатып айтып көрсек.

Шағбан – һижра күнтізбесіндегі сегізінші ай. Одан кейін келетін тоғызыншы – Рамазан ораза парызы орындалатын ай. «Шағбан» сөзі «ыдырау», «бөліну» деген мағыналарды білдіреді.