Тәубе ету – күнәлардан бас тарту дегенді білдіреді және оны жасаудың өзіндік шарттары бар. Ар-Рағиб әль-Исфаһани былай деп айтқан: «تَوْبٌ «Тәубун» сөзінің тілдік мағынасы – күнәлардың барлығы жиіркенішті болғандықтан, ең көркем түрде олардан бас тарту. Ал  تَوْبَةٌ «Тауба» сөзінің шарғи терминдік мағынасы – күнәлардың барлығы жиіркенішті болғандықтан, олардан бас тарту әрі жасағанына өкіну, кейін шынайы ниетпен мұндай күнәні жасамауға бел буу және қалпына келтіріп жөндеуге келетінін жөндеу».

«Ғылым іздеу әрбір мұсылманға парыз».(хадис) Имам Ғаззалидің «Ихия-у улумиддин» атты кітабынының «Әрбір мұсылманға парыз ғылымдар» деген тақырыбында әрбір білім іздеуші мұсылманға, оның ішінде халыққа діни дәріс беруші ұстаздарға өте пайдалы мағлұматтар қамтылған.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына мұсылман жамағаты және ата-аналар тарапынан мектеп формасына қатысты сауалдар түсуде. Республикамыздың әр өңіріндегі мұсылмандардың бірқатар өтініш-тілектеріне орай, төменде аталған мәселеге қатысты ұстанымымызды білдіреміз.

Алты ай қыстан аман шығып, жер бетін әсемдікке бөлейтін Наурыз айы да келді. Көктемнің бұл күндерінде кешегі қыстан қалған жердің тоңы жібіп, бәйшешектер гүл атады. Наурыз - шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы.

Адамзат игілігі үшін хақ дінді түсіріп, соңғы елшіні жіберген Жаратқан Иеміз біз мекен еткен жердің асты-үстін сансыз нығметке толтырып, тарту етті. Ұшқан құс, жүгірген аң, тамылжыған жеміс-жидек, бар байлығын құлдарына берген Алла Тағала қасиетті Құранда арам асқа жоламауды да ескертеді.

Барлық мадақ бүкіл әлемнің раббысы Аллаға тән! Біз Оны мақтап-мадақтаймыз, Одан жәрдем және кешірім сұраймыз, сондай-ақ өз жанымыздың жамандығы мен қате іс-амалдарымыздан Алладан пана тілейміз. Ешқандай серігі болмаған Алладан басқа тәңір жоқ екендігіне және Мұхаммед (ﷺ)  Оның құлы әрі елшісі екендігіне куәлік береміз.

Ата дінін ардақтайтын әр мұсылман үшін иман қымбат. Ал иман - оның шарттарын жүрекке мықтап бекітпейінше толық болмасы белгілі. Халқымыз үшін дәстүрлі Ханафи мәзһабы ғұламаларының пікірі бойынша ақиретке иман келтіру – иманның басты тірегі. Ақирет күнінің уақыты Жаратқан иеміз Алла Тағалаға ғана мәлім. Дегенмен қиямет сағатының жақын қалғанын білдіретін белгілері бар. Бұл белгілерді пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ﴿ хадистерінде  айтып кеткен болатын.

Ислам адам баласына тура жол мен ақиқатты  танытатын  жалғыз әрі хақ дін. Шариғаттағы кез-келген тыйымдар мен үкімдерді қарап отырсақ, тек қана  пенденің  жақсылыққа жету жолуындағы игілігін көздейді. Адамның абыройын асқақт атып, Жаратушының Рахымына жетелейді.

Есте болса, Елбасымыз өткен жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр» тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында жерімізді мекендеген халықтардың түгелдей жер аударылғанын еске алған еді. Сонда Елбасымыз: «Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді» деді.

Қазір Ислам атын жамылған ағымдардан аяқ алып жүргісіз уақытқа тап болдық. Аллаға мадақ айта тұрып адам өлтіруден тайынбайтын баскесерлер бүкіл әлемге билік жүргізгісі келеді. Солардың ең қауіптісі – ДАИШ ұйымы. Өздерін «Ислам мемлекеті» деп жариялаған бұл топтың хақ дінімізге қатысы қанша? Шариғат жолын қаншалықты ұстанады? Осы және өзге де сауалдар төңірегінде философия ғылымының кандидаты Жалғас Сандыбаевпен  сұхбаттасқан едік.