Құраншылар жолы Исламның дәстүрлі ұстанымына қайшы
Құраншылар бағыты жалпы Исламның дәстүрлі ұстанымдары мен ережелеріне жауап бермейтіндігімен ерекшеленеді. Себебі, Ислам тарихының әу басынан бері мұсылман қауымы Пайғамбар (ﷺ) сүннетін ерекше бағалап, ұстанумен келеді.
Дұға оқылғанда «әмин» дейтін періштелер жайлы білесіз бе?
Періштелердің кейбірі жер бетін шарлап құлшылық мекендерін аралайды. Бұл жердегі «таууафун» сөзі шарлайтын деген мағынаны білдіреді.
Абайдың христиан миссионеріне жауабы
Сәдуақас қажы Ғылманиды «Құран туралы өтіріктер мен жалаларға қарсы» кітабын төтешеден қазіргі қазақ харпіне аудару барысында бірқатар мәліметтерге ие болған едік. Соның бірі – Абай хакімнің христиан миссионеріне жауабы.
Мәлик періштесінің міндеттері
Тіршіліктің біз біліп-білмейтін бүкіл тетіктеріне жауапты періштелері болғаны іспетті Ұлы Жаратушының тозақта да Сүбхан (нұқсансыз) есімін көрсететін періштелері бар. Ол – Мәлик періштесі.
Жұмақты күзететін періште
Ридуан періштесі кейбір діни мәлімет көздерінде Хазин деп те айтылады.[1] Бұл періштенің міндеті – жұмақты күзету.
Сиқырдың алдын алу жолын үйреткен періштелер
Құранда аттары аталатын Һарут пен Марут періштелері тұрғысында адамдар арасында жаңсақ пікір орын алған.
Қабірде сұрау алатын 2 періште
Мүнкәр мен Нәкир – қабірде адамдарды сұраққа алатын періштелердің аты. Бұл сөзді қазақшаға тәржімелесек, «белгісіз, тосын, бейтаныс, бөгде» деген мағыналарды білдіреді. Мүнкәр мен Нәкир қабірдегі адамға бұрын-соңды көрмеген, тіпті ойына да келмеген бейнеде келетіндіктен болса керек.
Жазушы періштелер қай амалды жазбайды?
Кирамун Катибун – адамның оң және сол жағындағы амал дәптерін дайындайтын екі періштенің есімі. Құранда айтылғандай: «Оның оңына да солына да екі (сөздері мен амалдарын) байқаушы отырады»[1].
Хамәлат-ул Арш періштелері
Бұлар аршты[1] көтеретін (қалай көтеретіні бізге беймәлім) періштелер. Хамәлат-ул Арш періштелерін үлкен төрт періштеден кейінгі Аллаға жақын періштелер деуге болады.
Өлім періштесі қандай кейіпте келетінін білесіз бе?
Әзірейіл періштенің міндеті – ажалы жеткен адамның жанын алу. Адам баласы бір періштенің күзетуімен бұл дүниеден келесі дүниеге аттанғандықтан, Құран мен хадистерде Әзірейіл періштеге «Мәләк-ул Мәут» (өлім періштесі) делінген.