28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Алланың (субути) сипаттары

Алла Тағалаға құлшылық етуде ақида (сенім) ілімін игеру, түсіну аса маңызды саналады. Яғни,  дұрыс ғибадат  ету үшін Алла Тағаланың зати және субути сипаттарын сезініп, біліп алуымыз қажет.

Құран Кәрімде «иәд» (қол) деген сөз 103 рет қайталанған. Оның 15 шақтысы Алла Тағалаға қолданылған. Оның кейбірі жекеше, кейбірі (иәдән) екілік, ал енді кейбірі (әйди) көпше түрде келген.

Пайғамбарларға сенудің маңызы

Ұлы Жаратушы Жаппар Ие әрбір мұсылман баласына пайғамбарларды алаламай, бірдей иман етуді парыз еткен.

Пайғамбарларға деген қажеттілік

Хақ Тағала адам баласын ең көркем бейнеде және жан-жақты қабілетті етіп жаратқан, әрі оған Алланы танып-білсін деп ақыл-сана берген. Жұмыр басты пенденің ақыл-ойы арифметика, геометрия, химия, астрономия, т.б. ғылым салаларындағы кей-бір сұрақтардың жауабын еш нәрсенің көмегінсіз-ақ өздігінен білуі мүмкін. Мәселен, төрттің жартысы екі болатыны немесе бүтіннің өз бөлшектерінен үлкен екендігі адамға мәлім. Бұл қабілет Алла Тағаланың зор нығметтерінің бірі.

Абайдың жиһады және оның маңызы

«Абай» журналының 1992-жылғы 3-санында жарияланған «Тұрағұлдың естеліктерінде» мынадай жолдар кездеседі:

«Ұлғайған сайын әкемнің ашуы азайып, жұмсақ тарта берді. Жасы ұлғайған адамның бәрі де жасып, қайрат ажары кеміп, жұмсармағы табиғаттың жолы шығар. Бірақ, менің әкем осы жұмсарғандығын бір жағынан өзі еңбек қылып тапты деп білемін,» - дейді.

Шаһкәрім: Алла Тағаланың барлығын ақылменен ойлап білмек

Уа, достар! Алла Тағалаға біреуден үйреніп, яки ата-бабаның жолымен ұғып, нанып, иман келтірген кісі де мұсылман болады. Олай да болса өз ақылыменен ойлап, осы дүниенің, бір құдіретті күшті иесі болса керек деп, оз ақылыменен дәлел таппаған кісі қатты күнәһар болады және ондай кісі шайтанның азғыруына, біреудің алдауына еріп кетуге жақын тұрады. 

«Пайғамбар» сөзінің шығу төркіні

«Пайғамбар» сөзінің этимологиясына, яғни шығу тегіне үңілсек, ол парсы тіліндегі «пейгам» (хабар) «бер» (әкелуші)[1] деген сөздерінен алынған. Қазақша «хабаршы» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз түркі халықтарында да сол негізгі қалпында және тура мағынасында қолданылады.

Үмбеттің 73 топқа бөлінуін қалай түсінеміз?

Бүгінде әркімнің құлағына шалынып, санасына сақталған, астарында сан алуан сауалы бар күрделі пікірдің бірі – үмбеттің жетпіс үш топқа бөлінуі.

Періштеге сенімнің пайдалары

Алла Тағалаға, ақырет күніне иман ету мәселесі секілді періштелерге иман келтіру де адам баласы үшін өте маңызды. Періштелердің бар екеніне иланған адам ешқашан өзінің жалғыз емес екендігін сезінеді.