22
Жұма,
Қараша

һижри

Құранда Жаратушыға иман ету мен иман келтірмеу тұрғысынан адамдардың діни дәрежесі әр түрлі болатындығы анық түрде баян етілген. Сондықтан біз де бұл жерде сенім тұрғысынан адамдардың ислам діні бойынша, қалай аталатындығын аят пен хадис аясында қарастыра отырып, олардың діни дәрежелеріне қысқаша анықтама берейік.

Аят пен хадис арқылы қатаң түрде тыйым салынған амалдардаң үкімі «үлкен күнәлар» (кәбәир) деп аталады. Сонымен қатар кейбір амалдарға тікелей қатаң түрде тыйым салынбағанымен, олардың да үлкен күнәға жататынын білдіретін аяттар мен хадистер кездеседі.

Амалды иманның бір бөлігі деп есептеген Харижиттер, Муғтазила, Зәйдия мазхабтарымен бірге кейбір ғалымдардың көзқарастары бойынша иман сан жағынан да, сапа жағынан да артады, кемиді. Иманның артуы жақсы амал істеумен жүзеге асса, кемуі жаман амал істеумен болады деп сенеді. Бұл мәселеде олар төмендегі аяттарға сүйенеді:

Ислам мазхабтары арасында иман мен амалды бір ұғым ретінде немесе керісінше екеуінің екі басқа ұғым ретінде түсінілуі жайлы пікірталас бар. Муғтазила, Харижит, Зайдия мазхабтары мен кейбір ғалымдар амалды иманның ажырамас бөлігі ретінде қабылдап, амалды тәрк еткен кісіні мұсылман ретінде санамайтын да жағдайға барды. Ал Әхлу сунна ғалымдарының басым көпшілігінің көзқарастары амал иманның бір бөлігі емес дегенге саяды.

а) Ижмали иман

Ижмали иман дегеніміз – бір ауыз сөзбен Хазіреті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) Алла тарапынан әкелген барлық нәрселеріне сену деген сөз. Бұл иман ететін ең қысқа жолы болып саналады. Ижмали иман кәлима таухид және кәлима шахадаттан тұрады.

  • Кәлима таухид: Лә иләһә иллаллаһу Мухаммадур Расулулла, яғни Алладан басқа тәңір жоқ, Мухаммед Оның елшісі.
  • Кәлима шахада: Әшһәду ән лә иләһә Иллаллаһу уә әшһәду әннә Мухаммадән абдуһу уа расулуһу, яғни Алладан басқа тәңірі жоқ екендігіне, Мұхаммед Оның құлы және елшісі екендігіне куәлік етемін.

1.Иман сөзіне түсінік: Иман сөзі–араб тіліндегі «ә-мә-нә» етістігінен шығып «ифъал» бабында қолданылған масдар (етістіктен құрылған есімдік) болып саналады. Ал жалпы «иман» ұғымы–бір адамның сөйлеген сөзін қуаттау, айтқанын қабыл ету, шын көңілімен қуаттау, айтқанын қабыл ету, шын көңілімен қабылдау, күмәнғк жол берместен нақты, жүрекпен, шын ықыласпен сену деген мағыналарды береді. Иман еткен кісі «мүмин», иман етілген нәрселерге де «мүминун биһ» дейді.

«Ақида» сөзі араб тіліндегі сөз. оның тілдік мағынасы:«байлау, түйіндеу, топтау» мағыналарын береді, көпшетүрі   «ақаид», «шешу» деген сөздің антонимі.

Имам Матуриди (р.а) Жаратушыны жоқ деушілерді сынаққа алған. Жаратуының бар екенін дәлелдеу үшін:

1-көзжүгірту, ойлану дәлелі;

2-жаратылыс дәлелі;

3-және басқа да дәлелдерді қолданған.

Расында Алланы тану–ең үлкен уәжіп болып табылады. Алла Тағала құлдарына қай пайғамбарын жіберсе де пенделеріне шынайы Жаратушыны таныстырсын деп жіберген.

Сонау ғасырлар бойы пайғамбар үмметінің ынтымағын арттырып, қырық пышақ болып, қырқысудан һәм жік-жікке бөлінуден сақтап, бірлікке шақыруда төрт мәзһабтың дінімізде алар орны бір төбе. Оның айғағын ислам тарихынан анық аңғарамыз. Дегенмен, жүрегі қыңырлықты қалаған бәзбіреулер жоқ жерден дау іздеп, «мәзһабтың не керегі бар?» деген желеумен елге іріткі салып жатқаны қынжылтады. Тіпті, мұндайлардың қатары діни сауатсыз жастар жағымен артып келе жатқаны алаңдатады.