22
Жұма,
Қараша

һижри

Үбәйдулла ибн Мұхаммед (р.а) әңгімелеуде: 

"Бірде қайыр тілеп жүрген біреу хазірет Әлидің есігін қақты. Әли (р.а) ұлына: "Анаңа алты дирхам берген едім. Соның бірін алып кел» деп жұмсайды.

Ертеде бір бойдақ жігіт жүзінен нұры төгілген иманды әрі сұлу қызға көзі түсіп, соңынан қалмай жүріп, ата-анасының алдынан өтеді.

Күндердің бір күнінде Меккеден ұзақтау жерде тұратын жалғыз басты қарт әйел кісі болыпты. Ол Мұхаммедтің (с.а.с) пайғамбарлығын қабылдамай, керісінше оған қарсыөшпендік сақтап ол кісі туралы жаман ойлар түйіп жүреді екен. Өз көзімен көріп, танып-білмеген болса да, кәпірлердің ол туралы айтып жүрген жалалары мен өтіріктеріне әбден қанық болған екен. 

Біз қашан да Алла Тағаланың жәрдемінен, мейірімінен үміттіміз. Біз құлшылық жасағанда Алланың разылығы үшін жасаймыз. Оны қабыл алу, алмау – тек Алла Тағаланың құзырында. Сол сияқты жасаған күнәларымыз үшін Алладан кешірім сұраймыз. Бұл да Оның қалауымен болатын нәрсе. Ол біздің күнәларымызды кешіруге Уәде беруші! Ал Алла сіздің күнәңізді кешіргенін қалай білуге болады?

Кешірім жасау арқылы бітпес даудың түйінін шешіп, ата жауды адал досыңа айналдыруға да болады. Кешірімділік қатаңдық пен қатігездіктің құрсауынан арылтып, бақытқа жеткізеді. Алайда, Алла Тағаланың адам болмысына берген кешірімділік қасиетін біріміз ұғынсақ, біріміз ескере бермейміз. Асыл дініміз адамдарды кез-келген уақытта кешірімді болуға шақырады. Ең жаны сұлу адамдар тіпті өзін ренжіткен кісіден өш алатын, сазайын беретін мүмкіндігі болып тұрғанда оны кешіреді. Бұл тұрғыда бізге Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өнегелі істері мысал бола алады. Кешірімділік адамдар арасына мейірім шуағын төгіп, мына әлемнің мәнін сезіндіре түседі. Кешірім сұрағанға кешірім ете білу – адамдықтың белгісі. Кешірімді болсаң – кең боласың. Кең болсаң – кем болмайсың. Адамдарды кешіре білгендер ғана Алланың кешіріміне бөленеді.

Әне, Рамазан айы қол бұлғап шақырып тұр! Ал сіз биыл алғаш рет ораза ұстамақсыз. Санаңызды алуан түрлі сауалдар билеп, қобалжып жүрген шығарсыз, солай ма?  Иә, көп адамды «мынадай ыстық күнде ас-сусыз бір ай бойы қалай аш жүремін?» дейтін сұрақтың  мазалайтыны анық. Ал бір жағынан, Аллаға ұнамды амал жасап, сауап та алғыңыз келеді. Сонымен, бұл тығырықтан қалай шығуға болады?

Кезекті бір дәрісінде ұстазымыз доктор Ато ас - Сынбати басынан өткен мына бір оқиғаны айтып берді: "Докторлықты қорғағаннан кейін үлкен университетте профессордың көмекшісі қызметіне тағайындалдым. Жұмысым жақсы жүріп жатты. Бірақ кездейсоқ жағдай көңілімді қатты алаңдатты. Сол университетте жұмыс істейтін үлкен жастағы бір профессор мені көрсе жақтырмай қарап, керек десеңіз сәлемімді алмайтын болды. Ол адамды сыртынан ғана танимын, алдында жасаған ағаттығым жоқ еді. Мен туралы ол кісіге кім не жаман нәрсе айтқанын, не айтқанын біле алмадым.

Атақты Құран хафизы, ғалым, доктор, шейх Айман Рушди Суейдтың университет бітіруші қарилерге айтқан насихаты:

"Құрметті шәкірттерім! Сіздердің  барлығыңызды Алла Тағала  Құран жаттау бақытына қауыштырды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с):