10
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Аузымыздан шыққан әрбір сөзді жазып алатын періштелер бар. Және олар жасаған әрбір жақсылығымыз бен пендешілікпен қате кеткен тұстарымызды да қағазға түсіріп, түртіп отырады. Олар Аллаға қарсы келместен, Оның барлық бұйрықтарын орындайды. Періштелер адамдар үшін кешірім сұрайды.

Ислам діні ерте заманнан бастап, көршілікке және көрші ақысына ерекше мән беріп, көршілерге зиян тигізуден аулақ болуға шақырады. Қасиетті Құранда: «Аллаға құлшылық жасаңдар. Оған ештеңені ортақ етпеңдер. Ата-аналарыңмен, туған-туыстарыңмен, жетімдермен, қамқорлықты керек қылған адамдармен, алыс-жақын көршілеріңмен, достарыңмен, қол астарыңдағы қызметшілермен жақсы араласыңдар. Алла барлық дандайсыған мақтаншақтарды жақсы көрмейді» («Ән-Ниса» сүресі, 36-аят).

«Я, Алла! Мінезімді көркем ет, кемшіліктерімді жөндеуге жәрдемдес! Мені өзгерт» деп дұға етесіз бе? Бұл – жеткіліксіз.   Өйткені Қасиетті Құранның «Рағыд» сүресінің 11-аятында: «...Расында бір қауым өзін өзгертпейінше, Алла оны өзгертпейді» делінген. Анық қорытынды біреу-ақ: әуелі ниет, екінші – әрекет. Ал әрекет етуге итермелейтін нәрсе жалғыз: өзіңізден есеп алу.    

Мына бес күн жалған өмірде кімнің бақытты болғысы келмейді дейсіз?! Егер шынайы бақытқа қол жеткізгіңіз келсе – өзгелерді бақытты етіңіз! Əлбетте, сол кезде сіз олардан да көбірек шынайы бақытты сезіне аласыз. Біліңіз, басқаларды бақытты ету арқылы өзіңіз бақытты боласыз.

Алла Тағала – әрдайым сырлар мен сыбдырларды Естуші, жасырын мен әшкерені Көруші, жүректер мен жағдайлардан Хабардар. Дей тұрғанмен, Жаратушымыз кейбір уақыттар мен жағдайларды ардақты етті әрі сол уақыттарда жасалатын құлшылықтар, дұғалар Алла үшін басқа уақыттарға қарағанда артығырақ әрі сүйіктірек.  Бұл жасалған дұғалардың қабыл болу мүмкіндігі де жоғары.

Имам Ахмед ибн Ханбал (р.а) әрдайым ұстазы имам Шафиғиге (р.а) дұға жасап: "Раббым Алла! Ұстазым Мұхаммед ибн Идристан (р.а) разы бол", - дейді екен.

Аманат сөзінің асыл дінімізде алар орны ерекше. Осы бір ғана сөз адамның Алламен қандай байланыста екенін, оның ақыреттегі есеп-қисаптан қаншалықты қорқатынын көрсетеді. Аманат дегенде бірден қиянат сөзі еске түседі. «Аманатқа қиянат жүрмейді» деген халық даналығы да бар. Бұл туралы қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала: «Біз аманатты көктерге, жерге және тауларға ұсындық. Олар мұны қабылдаудан бас тартты, (жауапкершілігінен) қорықты. Оны адам қабыл алды. Шынында, ол – өте залым әрі надан», – дейді («Ахзаб» сүресі, 72-аят). Осы жерде адамның қабыл алған аманатының ауырлығы және оны орындау өте қиын екендігі меңзелген. 

Мұхаррам айы мұсылман жыл санауының алғашқы айы болып есептеледі. «Мұхаррам» сөзі «қасиетті», «тыйым салынған» деген мағыналарды білдіреді. Бұл ай Құран Кәрімде айтылған қасиетті төрт айдың бірі. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл мұхаррамды «Алланың айы» деп сипаттаған. Имам Нәсәи риуаят еткен хадисте ардақты сахаба Әбу Зарр (р.а.): «Уа, Расулалла! Түннің қай бөлігі қайырлы, айлардың қайсысы абзал?» – деп сұрайды. Сонда Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Түннің қайырлысы – соңғы бөлігі, айлардың абзалы – өздерің мұхаррам деп атайтын Алланың айы» – деп жауап берген.

Білім – адамның құлағы естіген, аузы айтқан ең жақсы сөз. Білім – ең жақсы мақсат, ал сол мақсатқа ұмтылушы жер бетін басқан адамдардың ардақтысы. Ислам дінінде адамзат баласына қоятын ең басты талап – білім алу, оқу және іздену. Құран Кәрімнің алғашқы аяты да: «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы!..» («Алақ» сүресі) деп басталатынын баршамыз білеміз.