«Түрік әлемінің ғұламасы» атанған, қазақ еліндегі Ислам дінінің таралуына баға жетпес еңбек сіңірген, сіз бен бізге алғаш Құран Кәрімнің қазақша аудармасын ұсынған ғалым Халифа Алтайдың өнегеге толы өмір жолы қашан да үлгі. Мынау Халифа Алтайдың жазған ең соңғы жазбасы. Ол бұл жазбаны 2002 жылы науқастанып жүргенде жазған екен.
Тозақ отынан құтылуға жеткілікті болған дұға
Әбу Бәкір (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) таңертең және кешке айтып жүретін дұға үйретуін сұрағанда, осы дұғаны айтқан екен:
Барлық зияннан аман болғыңыз келсе, осы дұғаны оқыңыз
Алла Тағала Құранда құлдарына: «Мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын және Маған шүкірлік етіңдер де, күпірлік етпеңдер» («Бақара» сүресі, 152-аят) деп ескерті. Егер алда кездесуі мүмкін барлық зиянды нәрселерден аман болғыңыз келсе, мына дұғаны жиі оқып жүріңіз.
Кері қайтарылмайтын, жылдам қабыл болатын екі дұға
Бұл амал – өзгеге жақсылық тілеу арқылы, өзіңізге де жақсылық тілеуді, жүректі тазартуды, мұсылмандармен бауырластықты нығайтуды насихаттайды.
Таңертең жаныңыз тыныш, деніңіз сау күйде оянсаңыз, осы дұғаны оқыңыз
Әбу Дәудтің «Сунән» атты хадис жинағындағы бір хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларына: «Араларыңнан кімде-кім аман-есен таң атырса, міндетті түрде осы дұғаны оқысын. Кеш батқанда да (дұғадағы таң сөзінің орнына кеш деп) міндетті түрде оқысын», − деп айтқаны жеткізілген.
Адам пайғамбар (а.с) тәубе жасағанда мына дұғаны оқыған
Адам пайғамбарымыз (а.с) мағынасы ауқымды дұғаларды жақсы көрген. Ол (а.с) дұға еткенде Алладан өзін қандай нәрселерден сақтауды сұрайтын. Адам пайғамбарымыз (а.с) тәубе жасағанда мына дұғаны оқыған екен.
Ер адамды қадірсіз ететін жағымсыз қасиеттер
Көпшілік қауым ерлік, ер, азамат болу кез-келген ер адамның өзгермейтін қасиеті деп есептейді. Биологиялық тұрғыдағы сипаттамалардың болуы нағыз еркек болуды анықтамайды. Ендеше қазіргі таңда ер адамдарды қадірсіз етіп жүрген мына жағымсыз қасиеттерге көңіл бөліңіз.
Алладан ризық, несібе сұрағанда осы дұғаны оқыңыз
Дұғаның бұрын болған бәлеге де, әлі болмаған нәрсеге де септігі тиеді. Ғибадаттың ең абзалы – Алладан жақсылықтың боларын күту. Ал сіз Алла Тағаладан ризық, байлық, несібе сұрағанда осы дұғаны оқыңыз.
Алладан отбасымызға амандық, денімізге саулық сұрайтын дұға
Алла Тағала – әрдайым сырлар мен сыбдырларды Естуші, жасырын мен әшкерені Көруші, жүректер мен жағдайлардан Хабардар. Ендеше дұға жасауды тоқтатпаңыз. Отбасыңызға амандық, деніңзге саулық сұрау үшін мына дұғаны оқыңыз.
Таудай қарызыңыз болса да, құтылуға көмектесетін дұға
Мұсылман кез-келген қиындықта қолын жайып, бойсұнып Алладан сұраса, мұқтаждығы өтеледі. Өйткені, Алла – адамға Қамқоршы, Жауап қатушы, Сый Беруші, Қайыр есіктерін ашушы, Ризық Беруші, Шипа Беруші, Сақтаушы, Көмектесуші, Амандық Беруші. Егер сіздің таудай қарызыңыз болса да, құтылуға көмектесетін мына дұғаны оқыңыз.
Мына дұғаны оқыған адамға Алла Тағала молынан сауап жазады
Адам ауырса шипаға, қиындыққа ұшыраса қорғанға, құтқарушыға, қарызға батса, ақшадан тарықса байлыққа, қателессе тәубеге мұқтаж. Және мұның бәрі де адамға уайым-қайғы сыйлайды. Жүрегінің тыныштығын алады. Ой мен жүрек тыныш болмаса, барлық нәрсенің берекесі қашады. Мұндай жағдайда мұсылман сондай бақытты жаратылыс! Ол кез-келген қиындықта қолын жайып, бойсұнып Алладан сұраса, мұқтаждығы өтеледі. Ал мына дұғаны оқыған адамға Алла Тағала молынан сауап жазады.