Хазреті Омар (р.ғ.) халифа болып тұрған кезінде бір күні түнде халқына, еліне байланысты іспен шұғылданып жатады. Сол кезде біреу жеке басының шаруасымен оның алдына кіріп, шаруасын айта бастайды.
Үш үгіт
Бір құс байқаусызда тұзақшының құрған торына түсіп қалады. Құс тұзақшыға:
- Ей, мырза! Сен өміріңде қаншама сиыр мен қойды сойып жеген екенсің. Онымен қоса түйені құрбандыққа шалған кездерің де болыпты! Сен сол жануарлардың еттеріне де тоймадың. Енді кіп-кішкене болған менің етіме қалай тоймақсың?! Оданда мені босат, мен саған үш үгіт айтып берейін. Сонда менің ақылды яки ақымақ екенімді білесің.
«Шүкірлік» сарайы
Бір отбасының кішкене бөбегі бар еді. Күндердің күнінде Алланың әмірімен сәбиі науқастанып, жан тапсырды. Бұған ата-анасы іштей қатты қайғырды. Бірақ, тағдыр ісіне мойынсұнып, сабыр сақтауды ұмытпады.
Әлекке салған бір түйе
Аббасилық халифа Харун Рашит (ө.ж. 193/809) бірде түскі асқа түйе етін сұратты. Еттен бір кесіп аузына салғаны сол еді, қасындағы уәзірі Жафер Бермеки сықылықтап күліп жіберді. Аяқ астынан уәзірін күлкі қысқанына таңырқаған Харун Рашит бұның мәнісін білмек болды.
Шаршағанда шүкірлік айтамыз ба?
Бүгін біз қайда бардық? Бұл күнімізге шейін қаншама ел мен жерді, тау мен тасты ешкімнің мұқтажынсыз (бір Алланың мейірімімен) өз аяғымызбен кездік? Сәулеті асқан шаһарларға, көркіне көз сүйінген қаншама мекенге саяхат жасадық? Ал, осы кезге дейін бір рет шүкір айттық па? Кей-кейде аяғым шаршап кетті, деп налимыз. Шаршайтын аяғымыздың барына шүкір қылдық па?
Шүкір етсең, арттырып берер Алла
Бір жас жігіт Қағбада «Ей, дұрыстардың көмекшісі болған Аллаһым! Ей харамдардан сақтанғандардың көмекшісі болған Аллаһым, саған шүкір етемін!» деп қайталай береді. Біреу келіп «неге қайта-қайта бір дұғаны қайталай бересің, одан басқа ешнәрсе білмеймісің?» деп сұрайды. Сонда жігіт басынан өткенді баяндайды.
«Ізденген жетер мұратқа»
Ұстазы шәкірттерінен: «Сендер бір шәугім шайды қайнатып жатырсыңдар деп ойлайық, дәл осы сәтте отындарың қалмай қалды. Аздан соң от өшіп, шай қайнамай қалады. Сендер не істейсіңдер?» деп сұрайды.
Жақсылық пен жамандық туралы өсиет әңгіме
Қарт ескі досымен шай ішіп отырып:
Армандар сатылатын дүкен
Әлемнің түкпірінде ерекше дүкен бар еді. Бұл жерден адамдар үлкен қайық, үй, үйлену мүмкіндігін, үлкен корпорация бастығының орнын, ақша, бала, сүйікті жұмыс, сымбатты келбет, қымбат көлік, әлеует, табыс және т.б. нәрселерді сатып ала алатын. Сатылмайтын екі-ақ нәрсе болатын, ол – өмір мен өлім.
Жадыңда ұста, ұлықта!
Сопылық жолдың көрнекті өкілдерінің бірі Жүнайд Бағдади былай дейді:
Ұстазым науқасына орай төсек тартып, жатып қалған болатын. Бір күні ол кісінің халін білмек ниетпен, арнайылап үйіне зиярат ете бардым. Қолымда салқындатқыш желпуішім болатын. Ұстазымның қасына отырып, желпуішпен салқындатқым келіп, жайлап желпи бастадым. Сонда ұстазым маған:
Қонақ үйде ғибрат бар
Шейх Мұхаммед Ратиб Наблуси айтады: Қонақ үйлердің бірінде жазылған мына бір сөз маған қатты ұнады: "Егер сізді разы ете білсек, біз жайында айта жүріңіз. Ал егер разы ете алмасақ, кемшілігімізді бізге келіп айтыңыз!" деген сөз.