Хасан Басриге (Алланың рахымы болсын) бір кісі келіп:
Əйел орамал тақпаса – арын ұмытады!
– Апа, неге осы қазақтың келіндері орамалсыз жүрмеуі керек?
– Е, жарығым! Əйел орамал тақпаса – арын ұмытады. Күйеуінің барын ұмытады! Шашы – тамаққа түседі, өзіне келген қонақтың назары түседі.
Сыр да, сиқыр да жоқ
Индонезия елінің Горонтало шаһарында пайда болған бес саудагер жайындағы әңгімені ең әуелі қала базарындағы сатушылар естіп білді. Әр тұтынушыны түстеп танитын сатушылардың аңдыған-баққандары сол емес пе?
«Cіз алсыншы деп едім...»
Екі ағайынды бірде ренжісіп қалыпты. Ағасы “інім келіп кешірім сұрар” деп күтіпті. Ол келе қоймайды.
Фейсбук қолданушыларына ғибрат
Тақуа кісі болса керек. Шəкірттеріне Фейсбук жайлы қысқа да нұсқа бір сөз айтып үлкен ғибрат қалдырыпты. Сонда ол нендей ғибрат айтты дейсіз ғой. Ол былай... Əлгі тақуа жан Фейсбук жайлы былайша ойын айтып салыпты.
Қай балаңды өлтіруді таңдайсың?
«Дәрігер, мен сізге маңызды бір шаруамен келіп отырмын. Не істерімді білмей, басым қатып кетті. Сіздің көмегіңіз қажет. Менің жасына толмаған ұлым бар. Ал, менің тағы да аяғым ауыр. Байқаусызда болды. Мен балаларымның жастарының жақын болғанын қаламаймын», - деді жас келіншек.
Діннің қазынасы - білім
Бірде бір әйел кісі Хасан Басриге келіп:
"Уа, имам! Дін тазалығы деген не? Діннің мәні неде? Діннің қазынасы деген не?" – деп үш сауал cұрайды.
Жақсыдан жаман туа ма?
Әз Жәнібек бір күні Жиреншеден сұрапты:
— Шешен, қас жақсыдан жаман туа ма? – депті.
Өзіме жеткендей қуандым
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабаларымен бірге отырғанда:
– Қазір осы жерге жәннаттық бір адам келеді, - дейді. Сахабалар таңдана бір-біріне қарасып отырғанда бір кісі кіріп келеді. Ертеңіне де, одан кейінгі күні де осы жағдай қайталанады. Пайғамбар (с.ғ.с.) тұрып кеткеннен кейін сахаба Абдулла Омарұлы әлгі кісіге жақын келіп:
Абай Құнанбаев: “Қайтер еді, жігіттер, тым қымбатты кимесек
Абайдың күні бүгінге дейін баспа бетін көрмеген бір өлеңін оқырман қауыммен табыстырайық. Қолжазбаның иесі Сәмен Әлібекұлы деген кісі. Сәмен Тоғжанның «Әлібек батыр» аталған баласынан туған. Сәмен ақсақал 1921 жылы маусым айында Текес ауданының Қаратоғай ауылында дүние есігін ашып, 1998 жылы ақпанда қайтыс болған. 1930 жылдан 1935 жылға дейін Тоғжан медресесінде (кейінгі «Ақжол» мектебі) оқыған. 1944 жылы үш аймақ төңкерісіне қатынасып, орта бағыт армиясында әскер болған кісі. Іле аймақтық сақшы мекемесінде, Текес аудандық ауыл шаруашылық банкісінде қоғамдық қызметте болған. Сәмен дінге тақуа әрі халық арасындағы өлең-жырларды, тарихи деректер мен шежірелерді құнттап жинап, бірнеше қолжазбаны көшіріп сақтаған кісі. Тоғжан ауылында қолжазба көшіріп сақтау дәстүрі әліге дейін бар. Мына Абай өлеңі Сәмен Әлібекұлы сақтаған қолжазбадан шықты. Біз қолжазбаның түпнұсқасына адалдық ету тұрғысынан және оқырмандардың зерттеуіне қолайлы болуы үшін қолжазбаның әуелгі нұсқасын өзгеріссіз жариялап отырмыз.
Кімге қызғанышпен қарауға болады?
Екі түрлі адамға ғана қызғанышпен қарауға болады: