Сәбидің тіршіліктегі ең алғаш татар нәрі – шешесінің сүті. Ғалымдардың соңғы зерттеулері осы бір ана сүтінің маңызын күн сайын арттыра түсуде. Әр жаратылысқа өз рызық-несібесін келісті тағайындаған Алла Тағала сәби мұрнына сүт иісін тез сезетін қасиет дарытқан. Соның арқасында жас нәресте ерніне тиген нәрсеге дереу ауыз салып, еме бастайды.
Өзімді өзгерткенмен, күйеуімді қалай өзгертемін?
Сіз күйеуіңізді өзгерте алмайсыз, бірақ күйеуіңіздің жақсы жаққа қарай өзгеруіне жәрдем ете аласыз. Мұның алғашқы қадамы – өзіңізді өзгерту. Күйеуіңізге деген құрметіңізді арттырып көркем мінезбен қарым-қатынас жасай бастасаңыз, күйеуіңіз де жаман қылықтарын тастауға тырысатын болады. Күйеуіңізді қатты қадірлейтініңізді білдіру арқылы оған көп нәрсені оңай орындатуыңызға болады. Ер адам арыстан секілді бірден жалынан сипата салмайды.
Әйел неге еріне байланысты шағымдана береді?
Еріне қатысты шағым айту – әйелдің жақсы көретін ісінің бірі. Туысқандардың немесе екі-үш әйелдің басы қосыла қалса, ең тәтті тақырыптың біріне айналады. Негізінде, шағымданудың ар жағынада «күйеуім маған артығырақ көңіл бөлсе екен» деген қажеттілік, арман- тілек жатыр.
Алланың разылығын қалаймын, күйеуімді де жақсы көремін
Күй сандықта шебер ойнауды мақсат тұтқан адам күніне тоғыз сағат дайындық жасайтын болса, бақытты отбасы болу одан да биік мақсатты талап етеді. Себебі бұл сіздің өміріңіз!
Алла тағала кімдерді жақсы көрмейді?
Құранда Алла тағала кімдерді жақсы көретінін құлдарына білдіргені секілді, кімдерді жақсы көрмейтінін де баяндайды. Шексіз Құдірет, асқан Мейірім Иесі Алла тағала құлдарына неткен мейірімді десеңізші! Құлдарым Маған қарай жақындасын деп кімді жақсы көріп, кімді жақсы көрмейтініне дейін баяндаған. Бізге тек, амал ету ғана қалды.
Күйеуім ашуланса не істеуім керек?
Отбасы болған соң, жұбайлар арасындағы түсінбестік пен келіспеушілік міндетті түрде орын алып тұрады. Бір өкініштісі, осындай түсінбестіктер кішкентай, болмашы бір нәрседен туындайды. Мұның ақыры әйел кісінің төркініне кетіп қалуымен немесе ажырасумен аяқталып жатады.
Әйел артық па, еркек артық па?
Әр адам – өзінше бір әлем. Әр әлемнің де сіз секілді өзіне тән «ой-пікірі, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы» бар. Соның ішінде әсіресе ер мен әйел арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Ер мен әйел арасындағы айырмашылықты көп адам мойындайды, бірақ парқына бара бермейді. Байқасаңыз, екеуінің де өзіндік табиғаты бар. Әрқайсысы бойына біткен қасиетімен ерекшеленеді. Әртүрлі ойлайды, әртүрлі сезінеді, қабылдауы мен бір оқиғаға көрсетер реакциясы да әртүрлі, тіпті сүюі де бөлек. Әрбірі өз тілінде сөйлейтін жаратылыс.
Мына 10 өсиетті орындасаңыз, күйеуіңізбен ара-қатынаста мін болмайды
Араб елінде өмір сүрген Үмама деген ақылды әйел қызы Үнасты Кинда патшасы Хариспен үйлендіргенде, әлі күнге құны ескіре қоймаған мынадай өсиет айтқан екен:
Талаққа рұқсат берілуінің хикметі
Қазақ – жесірін жылатпаған, отбасы құндылығын жоғары бағалаған халық. «Талақ» сөзінің қазақ тілінің әмбебап сөздігіндегі діни термин ретіндегі мағынасы былай келтірілген. Ер адамның әйелін тастағанда айтылатын «неке бұзылды, әйелін тастады» деген мағынадағы сөз.
Алла тағалаға ұнайтын және ұнамайтын қызғаныш
Отбасылық өмірде, жалпы адам өмірінде болсын шектен тыс қызғану рухани дерт болып саналады. Негізі, шектен шыққан қызғаныштың атқаратын функциясы - адам мен адам арасындағы қарым-қатынасты бұзу.
Ажырасу себептері: Келіннің ата-енесімен сыйласа алмауы
Қоғамда келіннің ата-енесімен сыйласа алмауы – жиі орын алатын мәселе. Келіндердің көбі ата-енесімен тұрғысы келмейді немесе ата-енесінің мінезіне сабыр ете алмайды.