
Бала емізудің анаға берер пайдасы
Бала емізудің анаға берер пайдасы
Сәбидің тіршіліктегі ең алғаш татар нәрі – шешесінің сүті. Ғалымдардың соңғы зерттеулері осы бір ана сүтінің маңызын күн сайын арттыра түсуде. Әр жаратылысқа өз рызық-несібесін келісті тағайындаған Алла Тағала сәби мұрнына сүт иісін тез сезетін қасиет дарытқан. Соның арқасында жас нәресте ерніне тиген нәрсеге дереу ауыз салып, еме бастайды.