Балаға махаббатты көрсету. Ата-ана балаға өз сүйіспеншілігін сезіндіруі керек. Бұл – оны құшақтау, оған көңіл бөлу, әңгімелесу, мәселелерін тыңдау арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар балаға өз ойы мен сезімін еркін білдіруге мүмкіндік беру маңызды. Оның пікірін немесе сезімін елемеу не мазақ ету сенімін әлсіретеді.
Ерлі-зайыптылар арасындағы махаббатты арттыратын 10 нәрсе
1. Кешірім. Жүрегіміз кешірімге ашық, жанымыз мейірімге толы болған сайын жұбайымыз бізге жақын болады. Себебі ол өзін қауіпсіз сезініп, кінәлау мен реніштен қорықпайды.
2. Жақсылықты міндет етпеу. Жұбайыңызға көрсеткен көмегіңізді немесе сыйлығыңызды міндет қылмаңыз. Міндетсіну жүрекке ауыр тиіп, сол жақсылықтың қадірін жояды. 3. Мақтау мен мадақтау. Әйел күйеуінің шешімін, ісін мақтап, бағаласа, ал ер адам әйелінің сұлулығын, тәрбиесін және отбасылық істерін мақтай білсе, сүйіспеншілік арта түседі.
4. Шүкіршілік пен ризашылық. Жұбайыңыз жасаған ең кіші қызметіне немесе көмегіне де алғыс айтуды ұмытпаңыз. Шүкіршілік сүйіспеншілікті қоректендіреді.
5. Құрмет пен қадірлеу. Жұбайыңызды жеке қалған кезде де, адамдардың алдында да құрметтеуіңіз оның сізге деген сүйіспеншілігін арттырып, мақтанышқа бөлейді.
6. Сүйіспеншілікті білдіру. Жұбайыңыз алыста болғанда сағынышыңызды, жанында болғанда сүйетініңізді және оның бәрінен қымбат екенін жиі айтып жүріңіз. 7. Жақындыққа деген ықылас. Ерлі-зайыптылар арасындағы жақындыққа деген ықылас ер адамға өзін қалаулы әрі бағалы сезіндіреді.
8. Ымыраға келу. Жұбайыңыз үшін белгілі бір жағдайда өзіңіздікі дұрыс болса да, ымыраға келу махаббатты нығайтады.
9. Кешірім сұрау. Арадағы реніш немесе дау-дамай кезінде бірінші болып кешірім сұрап, мәселені шешуге тырысу жүректі жақындатады.
10. Сыйлықтар мен қамқорлық. Ара-тұра кішігірім сыйлықтар жасап, жұбайыңыздың қажеттіліктеріне көңіл бөліңіз. Сыйлықтың құны емес, оның артындағы шынайы ықылас маңызды.
материал Нұрбол Рахматилланың «Халал сиқыр» кітабынан алынды,
ummet.kz
Отбасы бақыты: тәуекел, разылық және береке
Адамдарды қиындыққа душар ететін себептердің көпшілігі олардың өздеріне берілгеннесібелеріне қанағатсыз болуларынан және ризықтары тарылған уақытта, аштықтан қорқып жаманшылыққа жол ашуларынан туады. Негізінде, оларды асыраушы - Алла Тағала ғана.
Отбасы бақыты: Қайшылық кезінде екі жақтың шариғатқа жүгінуі
Ерлі-зайыптылар өздерінің мінез-құлықтары мен теріс қылықтарына билік айтатын жүйеге әуел бастан келісіп алулары керек, егер араларында қандай да бір қайшылық туатын болса, бірден соған жүгінетіндей.
Отбасы бақытына апаратын жол: Өзара кешірімділік
Екі жақтың бірінен пайда болған қателіктердің кесірінен ерлі-зайыптылардың өмірі қайсымыз жеңер екенбіз деп тартысқан соғыс майданына айналып жатады. Осының нәтижесінде, олар бірте-бірте өзара түсінісу қасиетін жоғалтады.
Отбасы бақытына апаратын жол: Барлық істерде орташа болу
Алла Тағала айтады:
Қайын ата мен қайын енені сыйлау әдебі
Алла Тағала адамзатты бір-бірлерімен жан-жақты танысулары үшін жаратты:
Ислам әйелге нәпақа міндеттемеді
Ислам әйелді ерекше мейіріммен қорғап, оған көп жеңілдік берді. Ислам әйелге нәпақа міндеттемеді. Ол өз баласына, ата-анасына, күйеуіне немесе өзіне қаржылай жауапты емес.
Исламға шақырған махаббат
Пайғамбарлық жіберілместен бірнеше жыл бұрын Пайғамбарымыздың қызы Зейнеп (Алла Одан разы болсын) балиғат жасына жақындап, Һашим әулетінің көзі оған түсіп, Мекке халқының отбасылары оған қалыңдық ретінде қол жеткізу үшін бəсекелестіктер басталды. Оған он-ондап құрметті қауым өкілдері қолын сұрап келсе де, жас әрі, дана шешімімен бәрінен бас тартып жүре берді. Зейнептің бұлай бас тартуы оған Мекке халқының құрметтілерінің бірі Әбул Ас ибн әр-Рабиғ келгенше жалғасым тапты. Сөйтіп Пайғамбарымыз қызы Зейнепке Әбул Ас қолын сұрап келіп тұрғанын жеткізгенде, оның жүзі қызарып, жымиып, оған келісімін берді.
Туыстармен қарым-қатынасты сақтау және үзу мәселесі
Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын). Ол:
Анамның ақысын өтедім бе?
Бір адам анасын арқалап жүріп, Қағбаны тауап еткеннен соң Алла елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сұрапты: «Анамды арқалап, қажылық жасаттым.