Меню

06
Жексенбі,
Сәуір
8
Шәууәл
1446 һижри

Әйелді тәрбиелеудің таңдаулы әдістері

Әйелді тәрбиелеудің таңдаулы әдістері

Ер жігіттің әйелімен қарым-қатынасты жақсартуға жасаған әрбір амалы құлшылық болып жазылады. Бұл тұрғыда баршамызға Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жұбайларына жасаған игі іс-әрекеттері үлгі.

Бала тәрбиесіндегі сөздің салмағы

Бала тәрбиесіндегі сөздің салмағы

Бастауыш сыныпқа тексеруге келген әдіскер оқушыларға: «Араларыңда ақылсыз балалар бар ма?» – деп төтесінен сұрақ қояды. Таңғаларлығы, бірнеше бала үнсіз «біз» деп қолын көтереді. Сонда оқушы қыз: «Мұнда тағы екеуі бар, олар қолын көтермей отыр», – деп қойып қалды. Оқу жүйесін тексеруге келген маман екеуіне бұрылып қарап: «Сендер де ақылсыз оқушысыңдар ма?» – деп еді олар ешбір қарсылық көрсетпей бірауыздан: «Иә», – десті. Бұл оқушылар өздерінің ақылсыз екенін қайдан білді? Неліктен өздері жайлы осылай ойлайды? Мұндай ой бала санасына ең бірінші ата-ананың сөзімен сіңеді.

Ақ қағаздай жаны мен санасы кіршіксіз таза балаға үйде әкесі: «Ақымақсың, ешнәрсе түсінбейсің?» деп жекиді. Ал мектепте мұғалім осы сөздерді оқушылардың көзінше айтады. Балалар да ойнап жүріп оларды ақымақ деп мазақ етеді. Нәтижеде баланың түпкі санасында «мен ақылсызбын, ақымақпын» деген ой орныға бастайды. Міне, осылайша әке мен ананың сөзі баланың болмысын қалыптастырады. Ата-анасының аузынан шыққан әрбір лебіз баланың өзі жайлы түсінігін бейнелейді. Бұл сөздер балаға өмірлік жолында бағыт-бағдар беретін нұсқаулық іспеттес қызмет атқарады. Әке-шешесінің сөздері шеңберінде болашағын құрады. Өйткені бала үшін ата-анасының сөзі өте маңызды. Ал енді өзін ақылсыз санайтын бала өмірдегі сәтсіздік пен жеңілудің бір мысалы болатынын айтпаса да түсінікті.

Зерттеу нәтижесі бойынша, бала жасөспірім жасқа жеткенше әрбір жүздеген жақсы немесе жұмсақ сөзге қарсы алты мыңға жуық жаман сөз естіп өседі екен. Бұл дегеніңіз – бала әрбір жақсы сөзге қарсы 6-7 жаман сөз естиді деген сөз. Тәрбие саласының мамандары «осы сөздерге сүйене отырып жасөспірім өзінің келбетін анықтайды» дейді. Ата-ана мен мұғалімнің баламен қарым-қатынасына қарай жасөспірімнің болашағы түзіледі. Бала өз-өзін басқалардың сөзімен таниды. Балаға «сен жақсысың» деп оған сүйіспеншілігің мен мейіріміңді сездірсең әрі оның отбасында маңызды орны бар екенін ұғындырсаң өзінің қадір-қасиеті бар екенін біліп өседі. Бала бұл өмірде өзіндік маңызды орны бар екенін біліп есейеді. Ал енді керісінше, бала тәрбиесінде сабырсыздық танытып, «сен жамансың» деген сияқты сөздер айтып, ешбір мейірім мен махаббатыңды сезіндірмесең, бала менің ешбір қадірім жоқ екен, маңызсыз адам екенмін деп өзін қадірсіз біреу ретінде сезінеді.

Демек ата-ана балаға бір ауыз сөз айтпас бұрын бір мезет ойлануы қажет. Ашу үстінде артық сөз айтуды доғару керек. Бала бір нәрсені бүлдірмей, қателік жібермей тұра алмайды. Бала болған соң бір нәрсені сындырады, бір айтқанды мың рет қайталатады. Өйткені ол – бала. Ал айтылған әрбір жаман сөз – бала санасын зақымдаушы ауыр соққы. Сондықтан баланың әрбір жетістігін «жарайсың», «бәрекелді», «батырым», «алтыным», «құлыншағым» деген секілді сөздермен шабыттандырып, балаға жігер беретін сөздерді айтудан жалықпаңыз. Қателессе, бірден жерден алып жерге ұруды доғарыңыз. «Қателесу – жаман» деген түсініктен арылыңыз. Кейбір ата-ана баланың қателігін қылмысқа теңеуге дейін барады. Бала қоршаған ортаны тану үшін қателесуі қажет. «Айттым, бітті» деген түсініктен арылыңыз. Баламен сабырлықпен сөйлесуді, жалықпай үйретуді, қателескен сайын мейіріміңізді көрсетуден шаршамаңыз. Әрине біраз күтуге тұра келеді, бірақ нәтижесі сізді қуантады.

Ислам тарихында Мехмет Фатих сұлтанның есімі алтын әріппен жазылған. Оның тарих сахнасындағы орны жайлы Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүйіншілеп кеткен. Міне, осы тұлғаны қалыптастырған ата-анасы мен ұстазының сөздері еді. Анасы жас баланы жетектеп теңіз жағасына алып барып, Константинополь қамалын нұсқап: «Сен анау қаланы жеңіп аласың. Мен сені сол күн үшін тәрбиелеймін», - дейді екен. Ал ұстазы дәріс кезінде баланың қос қолынан ұстап, көзіне қарап тұрып Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Константинополь болашақта фатх етіледі. Қаланы фатх (жеңіп алған) қолбасшы неткен тамаша қолбасшы, оның әскері неткен тамаша әскер», - деген хадисін қайталап тұратын. Бұл сөздер баланың қиялынан арманына, арманнан өмірлік мақсатына айналды. Осылайша, ата-ана сөзі баланы Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүйіншілеген даңқты тұлғаға айналдырды.

Баламен диалог құрып, ой бөлісуді үйреніңіз. Біршама уақыт жұмсалады, бірақ ойлаған нәтижеге жетесіз. Сонымен бірге ең маңыздысы баланың ой-санасы мен жүрегін жараламайсыз. Балаға қаратыла айтқан әрбір сөзіңіз бала үшін маңызды. Бала сіздің сөзіңіз, дәлірек айтқанда сіздің оған берген бағаңыз арқылы әлемді таниды. Сіздің әрбір сөзіңіз – оның тұлғалық болмысын қалыптастыратын кірпіш. Сондықтан балаға немқұрайлы қарап, ашумен және сабырсыздықпен айтылған сөз балаға жасалған қиянат екенін ұмытпаңыз!

ummet.kz

Қазақ неге туысын «бауырым» дейді?

Қазақ неге туысын «бауырым» дейді?

Ата-бабамыз «Туысы жаман туғанын жамандайды» – дейді. Біз үшін әр ісі өнеге болған Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өміріне бір үңіліп көріңізші.

Неке – кедейліктен арылудың жолы

Неке – кедейліктен арылудың жолы

Үйленуге ниеттенген адамға Алла Тағаланың көмегі жетеді. (Тирмизи). Неке – шашылудың емес, кедейліктен құтылудың бір жолы.  Бұл туралы бізге жеткен екі бірдей хадис бар: «Әйелдерге үйленіңдер, ақиқатында, олар сендерге мүліктерімен келеді» (Баззар, Хаким); «Некеден ризық күтіңдер» (Дәйләми).

Қалыңдыққа қандай ер азамат абзалырақ?

Қалыңдыққа қандай ер азамат абзалырақ?

Діннен хабары бар, байсалды әрі дінді таза ұстанатын, сенімі берік және оны іс жүзінде амалға асыратын, жомарт, жағдайы жақсы, асырауға шамасы келетін, күшті, көрікті, жас, тақуа, сондай-ақ әйелімен жақсы қарым-қатынаста бола алатын, алған әйелін ұнатса сыйлайтын, ал ұнатпаса қорламайтын және зұлымдық жасамайтын адам ғана күйеу болуға әбден лайық. Оған мына хадистерді келтіруге болады:

1. Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етілген хадисте Алланың елшісі: «Егер сендерге мінез-құлқы мен діні өздеріңе ұнайтын бір кісі келсе, онда үйлендіріңдер (қыздарыңды беріңдер). Олай істемесеңдер жер бетінде бүлік және ірі арсыздық болады», - дейді.[1]

2. Әбу Хатим әл-Музани жеткізген хадисте Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Егер сендерге мінез-құлқы мен діні өздеріңді қанағаттандырған бір кісі келсе, оны үйлендіріңдер (қыздарыңды беріңдер). Олай істемесеңдер жер бетінде бүлік және үлкен арсыздық (басқа риуаятында «ірі арсыздық») болады»,- дейді. (Сахабалар): «Егер онда (кейбір кемшіліктер) болса ше?» -дегенде, Алланың елшісі (с.ғ.с.) үш қайтара: «Егер сендерге мінез-құлқы мен діні өздеріңді қанағаттандырған бір кісі келсе оны үйлендіріңдер (қыздарыңды беріңдер)» - деп айтқан.[2]

3. Әбу Бәкір қызы Асма: «Неке құлдықтың бір түрі. Сол үшін әркім өзінің кімге құл болайын деп жатқанына қарасын», - дейді.[3]

4. Ибн Омар (р.а.) және Әбу Һурайра (р.а.) Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Егер бір қауымның құрметті әйелі саған тұрмысқа шықса, оны құрметтей біл», - деп айтқанын риуаят етеді.[4]

[1] Әл-Мустадрак ғала ас-Сахихйни, 2-том, 179-бет. Әл-Хаким: «Бұл хадистің иснады дұрыс, бірақ әл-Бұхари мен Муслим риуаят етпеген» - деген.

[2] Сунан әл-Бәйһәқи әл-Кубра,   7-том, 82-бет.

[3] Сунан әл-Бәйһәқи әл-Кубра, 7-том, 82-бет.

[4] Кашф әл-Хафа, 1-том,78-бет.

материал «Отбасы ғылымхалы» кітабынан алынды

ummet.kz

Үйленуді жұртқа жария ету және той жасау мәселесі

Үйленуді жұртқа жария ету және той жасау мәселесі

Үйленгенде жұртқа жария ету және той жасау некенің шарттарына  кірмейді.  Бірақ  үйленгендігін  жария  ету және дабыл қағу мұстахап амалына жатады. Той үстінде шариғат әдебінен шықпай өлеңдер оқылып, ән айтылса оның еш айыбы жоқ.

Алла Тағалаға ең ұнамсыз іс

Алла Тағалаға ең ұнамсыз іс

Негізінде талақ (ажырасу) – күрделі мәселе. Өз алдына бөлек ілім. Талақ жайында бір-екі сөзбен айтып бітіру жеткіліксіз. Талақ ету – Исламдағы рұқсат етілген амалдардың ең   ұнамсызы болып табылады.

Ата-анадан бейхабар неке қиюға бола ма?

Ата-анадан бейхабар неке қиюға бола ма?

Қалыңдық жігіттің үйіне келін болып түсерден бір-екі апта бұрын ғана некелерін қиюларына болады. Әрі бұл екі жақтың ата-аналарының рұқсатымен болуы керек.

Күйеу жігіт пен қалыңдыққа тыйым салынған нәрселер

Күйеу жігіт пен қалыңдыққа тыйым салынған нәрселер

Шариғатымызда үйленетін ер кісінің қалыңдықты көруі – мәндүп. Ер жігітке нені қалап, нені ұнататынын білдіру және кімге үйленетінін хабардар ету үшін көруге рұқсат етіледі. Сол арқылы қызды ұнатса, одан әрі әрекет етеді, ал ұнатпаса әрекетін тоқтатады.

Дегенмен бұл әрекет – қыз ұсынысымды қабылдайды деген сенім басымырақ болғанда ғана жасалады. Ал «айтқан ұсынысым қабылданбайды» деген ойы үстем тұрған жағдайда қызға көз салуы дұрыс емес. Егер екі жақ тең болса, қызды көруге рұқсат етіледі, себебі болашақ құдалар жақсы пікірде, дұрыс ойда болуы керек.

Жігіттің көруге мүмкіндігі болмаса, қалыңдықты көруге басқа жақынын жіберуге болады. Қалыңдықты көру мүмкін болмаған жағдайда оған сенімді әйелді жіберуге болады. Ол қалыңдықты көріп, оны жігітке сипаттап береді. 

Күйеу жігіт пен қалыңдыққа бір-бірімен оңаша қалуға, жақындасуға немесе төсек қатынасына түсуге рұқсат жоқ. Некеге тұрмай, тек құда түсу оған жоғарыдағы құқықтардың бірін де орындауға жол бермейді. Қалыңдық немесе күйеу тарапынан құдалық бұзылса немесе қандай да бір себеппен неке жүзеге аспаса, жоғарыдағы нәрселердің бірін жасап, одан соң құдалық бұзылса, бұл қалыңдықтың абыройын төгеді, келешекте тұрмысқа шығуына кедергі келтіреді және отбасына да жайсыздық тудырады.

Атастырғаннан кейін әйел жүкті болса немесе босанса, араларында заңды некенің жоқтығына байланысты ол бала әкесіне телінбейді. Ал, бұның зияны дүниеге келген ұл немесе қыз нәрестеге тиеді. Неке байланбай, тек құда түсу баланың тегін анықтамайды, сондықтан әйелмен оңаша қалуға, сүйісуге және осыдан туындаған басқа әрекеттерге тыйым салынады.

 

материал «Иман негіздері» кітабынан алынды

ummet.kz

Үйінде береке жоқ жігіттің түзде тірлігі түзелмейді

Үйінде береке жоқ жігіттің түзде тірлігі түзелмейді

Отбасында тыныштық, бақыт болса қоғамдағы кез келген ауыртпашылық жеңілдейді. Жұмыстан орныңды таппай жүрсең де, біреуден  зәбір көрсең де қайтып оралатын отауың болса, сол отаудың ішінде тыныштық орнаса, сені жан-тәнімен түсініп, қабағын арнап отырған жан болса, кез келген ауыртпашылық жеңілдейтініне тарих дәлел.