
Балаға ең әуелі қандай сөз үйретілуі керек?
Балаға ең әуелі қандай сөз үйретілуі керек?
Адам үшін өмірдегі ең қымбат нәрсе бала деуге болатын шығар. Ата-аналардың ең көп ойлайтыны балалары. Ауырып қалмасын, қарны ашып қалмасын, жаурап қалмасын, құлап қалмасын, бір жерін ауыртып алмасын, ешкім тиіп қоймасын т.б. осы сияқты ойлар мен уайымдар әрбір ата-ананың көкейіндегі нәрселер. Бірақ ата-ананың балаға берер ең үлкен сыйы – тәрбие екендігін біріміз ескерсек, біріміз ескермеуіміз мүмкін.