Ақордада ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа шетелдік 7 елші сенім горамоталарын тапсырды. Осы орайда Сауд Арабия елшісі Захир бен Мутиш әл-Анези Елбасыға Қасиетті қағбаның жамылғысын тарту етті, деп хабарлайды Baq.kz.

2017 жылдың ақпан айының 21-і мен 28-і аралығында қазақстандық делегация Сауд Арабия Корольдігі (САК) Қажылық министрлігінің шақыртуы бойынша Жидда, Мекке, Мадина қалаларына ресми сапармен барып, осы жылғы қажылық маусымын ұйымдастыру жұмыстары бойынша екіжақты кездесулер өткізді.

ДАИШ террористік ұйымына кірген қазақстандықтар азаматтықтан айырылады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Мир24» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Қазақстандық коммерциялық Заман-банк таяу уақытта ислам банкі ретінде қызмет көрсете бастайды. Бұл жайында «РИА Новости»-ге берген сұхбатында ҚР Ұлттық банкінің қаржы нарығының әдістеме департаментінің басшысы Нұрлан Әбдірахманов хабарлады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдері Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының 12-ші кездесуіне келген делегация жетекшілерін қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен өтіп жатқан Ғұламалар кеңесінің XVI отырысында сауда-саттықтағы кепілақша мәселесіне пәтуа шығарды.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Ғұламалар кеңесінің XVI мәжілісінде медреселердегі діни білім беру бағдарламаларына сай оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеуді тапсырды.

Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде түркі әлеміне белгілі теолог-ғалым, ұлт зиялысы Халифа Алтайдың туғанына 100 жыл толуына орай «Ғылым және дін» атты республикалық ғылыми-методологиялық семинар өтті. Бұл туралы Baq.kz хабарлады.

Бүгін Алматыда Ғұламалар кеңесінің ХVI отырысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен «Пәтуалар жинағы» кітабының орыс тіліндегі аудармасының тұсаукесер рәсімі өтті.